+2 дауыс
641 көрілді
Ғаламтор беттерінде қауесет көп. Бұл қаншалықты рас?

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Жалған ақпарат деп ойлаймын.Соңғы жаңалықтардан: Роналду:"Біздің Ирина екеуіміздің ара қатынасымыз өте жақсы, Ол Цюрихке бір себептерімен келе алмай қалды, жанкүйерлерді ондай әңгімелерге сенбеуін сұраймын" деген сұхбатын оқыдым

0 дауыс
Жоқ ол жалғанақапарат болып шықты оған сенбеңіздер
0 дауыс
Нур кз те анық жазылған.Алтын допты тапсыру кезінде Ирина қасында болмаған,екеуі ажырасып кеткенғой.
+1 дауыс
Менің білуімше, екеуі әзір бірге.
0 дауыс
Жалған ақпарат болуы мүмкін, бірақта массагет сайтында айырылысуға деген бірнеше себептерін жазған.
0 дауыс
Жалған әрине.......
0 дауыс
Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

Испан басылымдары Криштиану Роналду мен Ирина Шейктің айырылысып кеткенін хабарлағаннан кейін, португалдық футболшының жаңа сүйіктісін іздей бастады. Бірі – клуб ішінен іздесе, екінші бір басылымдар «Реал» шабуылшысының сүйіктісін Украинадан тауыпты.

«La Nueva Espana» басылымы Криштиану Роналдуды «корольдік клубтың» тележүргізушісі Лусия Виллалонмен көңілі жарасып жүргенін жазуда. Басылым хабарына сүйенсек, футболшы «Алтын допты» иеленіп қайтқаннан кейін-ақ жүргізушіге көз қиығын салған. Ал Лусия Виллалон болса, «instagram» әлеуметтік желісіне екеуінің бірге түскен суретін жүктеген көрінеді. Бірақ, 26 жастағы тележүргізуші бұл ақпарат туралы түсінік беруден бас тартып отыр. Ол тілшілерге «біз арнамызда махаббат хикаясы жайлы емес, спорт туралы ақпарат айтамыз» деп жауап берген.

Португалияның «Express» газеті мен Испанияның «Diario Gol» басылымы Роналдуды украиналық сәнбике Яра Хмиданмен кездесіп жүргенін хабарлауда. Қазіргі таңда ол Нью-Йорк қаласында тұратын көрінеді.

Әлем басылымдары Криштиану Роналдумен Ирина Шейктің махаббат хикаясына бес жылдан кейін нүкте қойылуының себебін сан қырынан талқылауда. Бірі – ресейлік сәнбикені футболшының анасының туған күніне келмегенімен байланыстырса, екінші бір басылымдар Ирина мен белгілі актер Дуэйн Джонсон арасындағы қарым-қатынас себеп болған деп те жазуда.
0 дауыс
Кеше муззон каналында көрсеткен,айырылысып кеткен
0 дауыс
Иа сондай секілді айрылысып кеткне
0 дауыс
Криштиану Роналду мен Ирина Шейктің айырылысып кеткеніне біраз болды. Бес жылдан кейін жұлдызды жұптың қарым - қатынасына нүкте қойылды. Тіпті, Ирина Шейк өз сүйіктісін тауып та үлгерді. Оның таңдауы актер Брэдли Куперге түсті. Ал, Криштиану Роналдуды сары басылымдар әр түрлі арулармен байланыстыруда. Сірә, Роналду сұлулардың біріне тұрақтай алмай жүр.
...