+2 дауыс
1.5k көрілді
Әр адамда комплекс болады дейді.Тіпті голливуд жұлдыздары да өз кемшіліктерін айтып жатады.Сұрағым мынау,сіздерде қандай комплекс бар? Сол үшін қандай жағдай жасап жатырсыздар?

8 жауап

+1 дауыс
Жасөспірім кезімде менде комплекс болды, өз-өзіме деген сенімсіздік және кекештік. Өзіндік тәрбие мен білімімді кеңейту арқылы олардан құтылдым.
+1 дауыс
Менің комплексім тез сөйлеймін деп түсініксіз сөйлеп кетемін) Сөздің соңғы жағын айтпай қалып деген сияқты. Ешқандай жағдай жасамаймын, есіме түсіп кетсе ғана асықпай анық сөйлеуге тырысамын кейде. Всем не угодишь, ұнатпаған адам ұнатпай-ақ қойсын))
+1 дауыс
Мен бір нарсені біліп тұрсам, сол туралы бір адам қате айтып жатса тыңдай алмаймын
0 дауыс
Мен дым сенгішпін. Сол себепті ме көп алданғанмын. Бірақ қазіргі уақытта олардан нәтиже шығарып жүрмін. Бұл дүниеде дос та бар, дұшпан да бар дегендей.
+2 дауыс
Мен үнемі біреулерге, қоғамға керек екенімді білдіргім келіп жүреді (өз-өзіме сенімді болу үшін),сондықтан барлығына көмектескім келіп тұрады (менде "комплекс неполноценности").

Жұрттың барлығына көмектесіп жүру гуманизм сияқты көрінетін шығар, бірақ оның негізі эгоизмде жатыр, яғни жұртқа көмектесу арқылы өзіңнің психикалық қажеттілігіңді қанағаттандыру, комплексіңді аздап болса да басу, ол комплекстен әлі арыла алмай келем
мағанда көмектесесіңбе?
0 дауыс
Менің сұрағым түрге байланысты комплекс туралы еді.
Кешірерсіз, менің есіме комплекс дегенде психологиялық комплекс түседі
0 дауыс
Кемшілік менде жетерлік, оларды жоюға тырыстым.
Кейбір кемшіліктерімнен оңай арылдым, ал кейбір кемшіліктерімді жою менің қолымда емес.
Бір кемшілігім ғана мені қатты қинайды. Егер сол кемшілігім болмаса, қазір мүлдем басқаша болар едім..
+1 дауыс
Менде ортаға байланысты өзгеріп тұрады. Егер адамдар самостоятельный болса, мен де самостоятельный болып кете аламын, адамдар ашық болса, мен де ашық бола аламын, егер адамдар тұйық болса, мен де тұйық болып қаламын.

Бәрінен де, кішкентай балаларді көп ойнатып, қыдыртып, әңгімелескім келеді, себебі оларда ешқашан комплекс болмайды.

Егер жақын деген адамың комплексовать етіп жүрсе, одан асқан трагедия жоқ сияқты, кейде игнорлап тастағың келеді, бірақ ренжіп қалатын сияқты. Бірақ кейде ренжісе де батыл қадам жасау керек болады.
...