0 дауыс
3.7k көрілді
Солақайлар мен оңқайлардың айырмашылығы қандай ? Көбі айтады солақайлар ерекше деп.... Бір жерден естіген едім солақайдың екі түрі бар деп: 1) Ақылды солақайлар 2)  Ниервный солақайлар . Мен де солақай едім , бірақ өзгелерден еш айырмам жоқ , Меніңше солақайлар жай адамнан айырмасы жоқ ...  Араларыңызда солақайлар бар ма?  Сіздің солақайлар жайлы ойыңыз....???

21 жауап

+1 дауыс
Cолақайлар спортта әсіресе бокста қарсыласына қиын қарсылас болады,

және солақайлар үстел теннисімен айналысса нағыз қиын қарсылас екен көрдім)
Солақайға оңақай қиын қарсылас болып саналадығо.
Не деген бас))
0 дауыс
Айырмашылық жоқ шығар. Бірақ солайқайлар ақылды болады деп естігем менде. Алла адамды оң қолмен жазуға жаратқан, солайқайлар көбісінен ерекшеленген соң солай айтатын шығар.
0 дауыс
Менің сыныбымда бір бала солақай. Екеуміз бір партада ол оң жақта ал мен сол жақта отырғанда, екеуміз қолымыз бір-біріне қақтығысып, кедергі келтірген. Ол баланың үлгерімі төмен болғандықтант жазуы онша емес деп ойлаймын.Әлде шынымен-ақ солақайлар мен оңқайлардың жазуында айырмашылық  бар ма екен ? деген ой келіп тұр.
0 дауыс
Оңақайлар мен Солақайлардың айырмашылығы - бір істі істеуінде ғой, яғни оңақайлар оң қол-аяқпен, ал солақайлар сол қол-аяғымен жұмыс істеуге бейім. Және көптеген солақай таныстарым өте қайсар және жазуы (почеркі) нашар екенін байқадым)
+1 дауыс
Мен солақай)) Ең жаманы почерк қой сол.
0 дауыс
Менің қолым (почеркі ) да нашарлап кетті , ұзақ уақыт жазбағаннан болуы керек деп ойлаймын. Сосын солдан оңға қарай болған соң ба жазғанда шамалы дірілдеп бояп жазамын))
0 дауыс
Ең жаманы тамақ жегенде екен , оң қолыммен жеп болмаймын да қайтадан сол қолға ауыстырып аламын.
+1 дауыс
Менің туған інім де солақай, ол да тамақ жегенде қатты қиналады, үлкендер ініме оң қолмен же дейді кейде, бірақ ол дұрыс емес әрине, Құдай қалай жаратса солай қалуы тиіс, адамдар Құдайдың жаратқанына қарсы шығуы дұрыс емес.
Мышканы сол қолмен?
Жоқ мышканы оң қолымен ұстаймын!
жоға, мышканы оң қолмен ұстайды, қиналмайды мышка ұстауда.
0 дауыс

Оңақайлардың да ішінде ерекше  адамдар болады ғо, мысалы мен оңақаймын.....

Қандай ерекшелігің бар?)
қой, мақтана алмайм олай.....
0 дауыс
Айырмашылығы жоқ деп ойлайм ана жолы оң қолымды сындырып алғам  енді сол қолмен жазам әрине көп уақыт үйрендім бірақ түк өзгергем жоқ
0 дауыс


солақай болғаныма қуанам. көп адамдар қызыға қарайды
0 дауыс
СОЛАҚАЙ – қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, т.б. жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар (баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді). Туа пайда болған Солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде Солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды. Ондай балалар қорыққаннан қыли көз, тұтықпа, мінез-құлқы өзгеріп, ашуланшақ, ызақор болуы мүмкін.
0 дауыс
Екеуінің айырмашылығы жоқ.Тек спортта оңақай солайқай қарсылас болса қиын
0 дауыс
1-ші класста жазуды сол қолмен жазып бастап кетсең солақай болып кетесіңғо)
0 дауыс
Екеуінің тек қолдарын пайдалануда ғана айырмашылық болады. Басқа ешқандай.

Ұқсас сұрақтар

...