0 дауыс
3.4k көрілді
Кішкентай інілерім Маша мен медведь  мультфильміндегі  Машаның тәтті мақта жеп жүргенін көріп , сондай істеп бер деп қиғылықты салып отыр.  Аппақ  тәтті мақта, ұстайтын  таяқшасы  бар.  Суретин сала алмай тұрмын  осында.  Бәрі біледі деп ойлаймын.  Сондай тәтті мақтаны үй жағдайында дайындай аламыз ба?
Қай сериасында айтып жібересіңіз бе, (жәй, тек барлық сериасын көрген сияқтымын бірақ айтқан сериясы есіме түспей тұрғаны)

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Үй жағдайында тәтті мақта жасау үшін қант, аз ғана су, мотор қажет. Мотор ретінде кез келген таза қозғалтқышты алуға болады, мысалы желдеткіш (вентилятор, пәрелерін алып тастаймыз)

Үй жағдайында мақта жасаудың бейне роликтерін төмендегі гипермәтіндер арқылы өтіп көруіңізге болады:

Ролик 1

Ролик 2

Жоғарыдағы видеолардағы жолмен жасасаңыз қант шығыны, уақыт шығыны көп кететін секілді және гигиеналық тұрғыдан қарағанда 100 пайыз сенімді жол емес. Жасалу жолына қарап тұрып тәбетіңіз қашуы мүмкін.
Сондықтан үйге арналған қант мақтасын жасайтын аппарат сатып алуды ұсынамын. Бағасы аса қымбат емес, аптасына бір рет балаларыңызды, туыстарыңызды мақтаға қарық қылып мәз қылуыңызға тұрарлық. Аппаратты төмендегі сайттан үйде отырып-ақ тапсырыспен алдыра аласыз.
http://satu.kz/Apparaty-dlya-prigotovleniya-saharnoj-vaty
Үлкен рахмет.
0 дауыс
Мақтаны аласыңда соны құмшекерге батырасың
0 дауыс
Гуглден ізде толып тұрғой ютубта
...