+3 дауыс
442 көрілді
Қазіргі уақытта түрменің кемшіліктері туралы жақсы білеміз. Түрмеден адамның түзелуі екіталай, жазықсыз отырғандардың да болашағына балта шабылады. Олар салық есебінен тамақтандырылары. Тіпті бостандыққа шыққан адамды ешкім жұмысқа алмай, қайтадан қылмыс жасайтын кездер болады. Соның орнына қандай идея ұсына аласыз? Өз идеяңызды қорғай аласыз ба?

9 жауап

+4 дауыс
Түрмедегілер үшін арнайы зауыт, фабрикалар ашылса. Түрмеде кезінде бос отырмай сол жерлерде жұмыс істесе. Сол жұмыстарын өте жақсы атқарғандар - түрмеден мерзімінен бұрын босатылса және түрмеде отырмағандармен бірдей құқықтарға ие болса, түрмеден шыққаннан кейін де арнайы жұмыстар қарастырылса деген ойым бар.

Бұл ойымда кемшіліктер бар шығар, себебі өзім түрмені ешқашан көрмегенмін және түрмеге отырып шыққан адамдарды танымаймын, түрме туралы тек фильмдер мен бағдарламалардан көргенмін.
Ойың дұрыс. Бірақ табақтай дипломы бар мамандарға да жұмысшы ретінде жұмыс орнын тауып бере алмай отырмыз ғой.
Ол жағы да бар екен ғой. Бірақ, түрмедегілерге қара жұмыс болса да істетуге болады.
+3 дауыс
Жасаған қылмысын ескерту қажет, жазалау емес. Қылмыс жасағандардың жартысынан көбісі 2-ші рет қылмыс жасайды. Себебі, оларды жұмысқа алмайды. Одан кейін ақша табу мақсатында тағы да қылмыс жасайды.
Менің ойымша, түрменің орнына ауылда жұмыс істеткізу керек. Күздің қара суығында, жаздың аптап ыстығында, қыстың қалтылған аязында жүріп жұмыс істесе, түзелер деп ойлаймын.
+1 дауыс
Курорт, санаторий, шет елдегі әдемі жерлерге ұзақ демалыс. Бұл әрине адамдарға көмектесуі мүмкін, тек аз ақша тұрмайды :)
0 дауыс
Түрменің орнына жұмысқа жегісе бұрынғыдай сонда ғана түзелер еді
+2 дауыс

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, дегендей алдын алу керек сияқты қылмысты, бірақ мүмкін емес))

0 дауыс
Норвегиядағыдай түрме ұсынар едім
0 дауыс
Адам өлтіргендерді қара жұмысқа салу керек. Жеңіл-желпі қылмыс жасағандарды соттамай, айыппұл салса болады.
+1 дауыс
Мен былай жасар едім:

1. Ауыр қылмыс жасағандар мен рецидивистерді атып тастау.

2. Орташа ауырлықта қылмыс жасағандарды шахталарға жұмысқа салып қою.

3. Жеңіл қылмыс жасағандарды құрылысқа жіберіп, жалақыларын бюджетке аударып отыру.

Қылмыскерді тек еңбекпен түзетуге болады.
+1 дауыс
Егер бұл дүниеде ешкімі, отбасысы, бір өзіне қарап отырған отбасысы, жанұясы жоқ адам ауыр қылмыс жасаса ату жазасын қолданғаны дұрыс болар еді.

Ал бірақ жеңіл және орташа қызмет жасағандарды еңбекпен ауылда түзетуге болады деген пікірмен келісемін. Не көп, ауылшарға берілетін көмек пен несие көп. Соларға беріп, бақылау қойып өз нанын өзі тауып жеуді үйрету керек секілді.
...