+1 дауыс
8.0k көрілді
Оқушылардың үлгерім көрсеткіші мен білім сапасы деген не, айырмашықтары қандай?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Үлгерім көрсеткіші де,білім сапасы да бірімен бірі тығыз байланысты ұғымдар.Олар оқытушының біліктілігіне,әдіскерлік тәсілдеріне,әрбір оқушының білім дәрежесіне қарай, оқытушының олармен индивидуальдық және дифференциальдық жұмыс істеуіне байланысты. Үлгерімге,білім сапасына басқа да факторлар әсер етуі мүмкін:(мысалы,отбасы жағдайына байланысты бала психологиясының өзгеруі т.б) Жаман оқушы жоқ,жаман оқытушы болуы мүмкін!
+2 дауыс
Үлгерім көрсеткіші - оқытатын оқытушының жүргізетін оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша білім алушының оқудағы жетістігін жүйелі тексеру
Білім сапасы - жоғарғы талаптарға сәйкес болу
0 дауыс

   Үлгерім көрсеткіші - деген қазіргі мектептердегі оқу жүйесі, үлгерімді ҰБТымен бағалау жүйесі. Бұл жүйеде шәкірттер сұрақ бойынша жаттап алғандарын сарнап біліп тұрады, былайша айтқанда кәдігімгі магнитофонға теңесек те болады. 
   Ал білім сапасы - дегеніміз, ол оқыған, игерген білімін өзінше ізденістермен толықтыра отырып, оны тәжірбиемен ұштастыра, күнделікті тұрмыста пайдалану арқылы зердеге жинақтау. Сол арқылы сол алған білімінің сапасының толық немесе толымсыз екендігіне сараптама (анализ) жасай отыра, ары қарай жетілдіру. Бір сөзбен айтқанда "Білім инемен құдық қазғандай" - деген сөздің тура мәнін ұғыну.

...