+3 дауыс
16.6k көрілді

Адам миы қашан 100%  жұмыс жасайды және ол кезде не болады? Қазіргі адамдардың миы 1-3 пайыз жұмыс істейді екен, ал данышпандары 5-10-ға дейін барады. Ал 100 пайыз жұмыс жасап кетсе не болады? Және бұл жағдай қашан болуы мүмкін?

Люси фильмін көруге кеңес беремін. Фантастика араласқан болса да тақырыбыңа әдемі кино.
Иә, Люси фильмін қара. 100% барғанда Люси Супер Компьютерге айналады ))):D

15 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер Адам миы 100 пайыз жұмыс істесе ұшу қабілетіне, бір орыннан өте алшақ орынға ауысу қабілетіне, порталдар ашып, планетааралық саяхат жасау қабілетіне, өте ұзақ өмір сүру қабілетіне, қарапайым Адам түсінбейтін істер істеп, айтып ауыз толтырарлықтай қасиеттерге ие бола алады. Бірақ Құдай болады деу миға қонымсыз, миы 100 пайыз жұмыс істейтін Адамның өзін Құдай жаратады, Құдай  өзі жаратқан адамды өз қалауынша өзгерте алады. Адамның миын 100 пайызға жұмыс істету, әзірге мүмкін емес, бірақ мидың жұмыс істеу пайызын арттыру үшін энциклопедияларды көп оқу керек.
Люси ол фантастика..
+3 дауыс
Адамның миы 100%- ға дейін жұмыс істесе не болатыны бізге беймәлім, себебі ондай жағдай орын алған жоқ. Ал мидың біз 1- 3 пайызын ғана қолданамыз дегені де жаңсақ пікір деп санаймын. Себебі мидың әрбір бөлігінің атқаратын өз қызметі бар: көру, ойлану, қимыл- қозғалыс сияқты.  Барлығы 100 % қолданылмаса да 3% - дан артық жұмыс жасайтыны анық. 100% мидың  жұмыс жасауы кезінде қандай жағдай болатынын өзіңіздің фантазияңызға еріп ойланып көріңіз, бәлкім сіздің қиялыңыз "Люсидің" режиссерынан да артық болар...
+3 дауыс
Люси фильмінде адам миының 10%ын ғана қолданады дейді. Бірақ бұл фантастикалық фильм екенін ұмытпаған жөн. Адам миы әрдайым жұмыс жасап тұрады, бірақ әркезде әртүрлі бөліктері. Мысалы, адам отырғанда тепе-теңдікті сақтау оңай болады ғой, ал бір аяқпен тұрса мидың тепе-теңдік сақтауға жауап беретін бөлігі белсенді жұмыс жасайды. Сол сияқты адам әртүрлі әрекет жасағанда мидың әр бөлігі өзіне тиісті қызметін атқарады. Сондықтан мидың 1-3 не 10%ы ғана жұмыс істейді деген қате пікір.
+2 дауыс
Адам компьютерді ойлап табу миының үшін 3% жұмсаған. Егер 100 % жұмыс істесе адамдар ұшу әдісін ойлап табуы мүмкін)
+3 дауыс
Бізге бір мұғалім адам миы 100% жұмыс істесе телепатия, телекинез деген қасиеттері болады деп айтып еді.
+2 дауыс
Әр адамда әр түрлі жұмыс істейді.  Мысалға менің басыма түсте, түстен кейін ештеңе кірмейді. Тек таңертең және кешке,  түнде ҰБТға дайындалсам барлығы ойымда қалады.
+2 дауыс
Адам миының 4-5 пайызын қолданады, егер 100 пайызын қолданса ұшатын шығар
+3 дауыс
Онда ҰБТ-дан дайындалмай-ақ өтетін мүмкіндік туады.
+2 дауыс
мидың 100 пайызы жұмыс жасаса сен калькулятордан да бұрын есепті тез шыгарасн
+3 дауыс
Логикалық есеп шығарғанда!
+2 дауыс
Адамның миының ең жақсы жұмыс істейтін кезі - сәби кезі. Ол кезде бала миы компьютер сияқты жұмыс істейді. Адам миы қартайған сайын тежеле береді. Өте кәрі адамдар "маразм" ауруына ұшырап, содан ес-түссіз қалпында көз жұмады.
–3 дауыс
Адамның миы 100% істесе құдайға айналады !!!
0 дауыс

100% жұмыс істесе, онда өмір сүруіміз қызықсыз болар еді. Мидың толық жұмыс істеуі біздің өзіміздің компьютерге айналғанымызды білдіреді. Өзіміз гуглге айналып, сотка, интернет, вка, ватсап ештене керек болмай қалар еді, қазір бір нарсе бола қалса, оның себебін дәл сол мезетте біліп тұрамыз, осы кезде елде бүкіл әлемде дағдарыс болатын еді!..wink

0 дауыс
Менің ойымша адамның миы 100%-жұмыс жасаса адамдар жоқ болады.Себебі адамдар барлығын білсе істесе барлығына оп оңай қол жеткізсе онда бұл әлемнің не қажеті бар деген тұжырымға келдім
0 дауыс
Бұл бізге беймәлім, бірақ менің ойымша адамның миы 100% жұмыс жасаса, 10 шумақты өлеңді бір оқығаннан жаттап алатын дәрежеге жетеді немесе адам сөзін бір естігеннен, милион кітапты бір оқығаннан жаттап ала алады. Есте сақтау қабілеті дамып, миы басқаша ойлап, жаңа нәрселерді 1 минутта ашады деп ойлаймын
...