+1 дауыс
888 көрілді
ҚазҰУ-де салық және салық салу мамандығы барма? Өтініш айтыңыздаршы және оған түсу үшін гранттар саны қанша (кемінде неше балл жинау керек)

2 жауап

0 дауыс

ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бұл мамандық жоқ екен. Төменде сол мекеменің ресми сайтынан алынған мәлімет.

2014-2015 оқу жылдарында қабылдау жүргізген мамандықтар тізімі:

Биология және биотехнология факультеті  - Дене шынықтыру және спорт, Биология, Биотехнология, Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау 

География және табиғатты пайдалану факультеті - Экология, География, Гидрология, Метеорология, Геодезия және картография, Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, Туризм, Жерге орналастыру, Кадастр 

Шығыстану факультеті - Аударма ісі, Шығыстану, Шетел филологиясы*, Түркітану 

Тарих, археология және этнология факультеті - Тарих, Археология және этнология, Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету 

Халықаралық қатынастар факультеті - Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық, Аймақтану, Әлемдік экономика 

Журналистика факультеті - Дизайн, Баспа ісі, Журналистика, Қоғамдық байланыс 

Механика-математика факультеті - Математика, Информатика, Механика, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Ғарыш техникасы және технологиялары,

Физика-техникалық факультеті - Физика, Ядролық физика, Астрономия, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар,  Техникалық физика, Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) 

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті - Филология, Аударма ісі*, Шетел филологиясы*, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі, Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және психология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Философия,  Мәдениеттану, Дінтану, Әлеуметтану, Саясаттану, Психология, Әлеуметтік жұмыс

 Химия және химиялық технология факультеті - Химия, Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Заң факультеті Заңтану, Кеден ісі

Экономика және бизнес жоғары мектебі - Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару,  Маркетинг, Логистика (сала бойынша)

 

География мамандықтарына грант жылда аз бөлінеді, себебі географияны оқып шыққан мамандардың өзі жұмыс таба алмай жатыр. Яғни елде география мамандықтары артылып тұр деген сөз. Сондықтан мемлекет көбінесе елде жетіспейтін және ең қажетті деген мамандықтарға грантты көп бөледі. 

Сіз заң жағы болғандықтан балды жоғары қажет ететін мамандық. Орыс тілін алып тастағанда +95 болуы керек кем дегенде. Және математика пәніңіз жоғары болуы керек,

Грантқа түсе алмасаңыз, жылдық оқу ақысы 280 - 350 мың шамасында болуы керек негізі.

Егер қолыңызда республикалық, халықаралық және сол сияқты ірі дәрежедегі алған қағаздарыңыз (грамота, алғыс хам, диплом, сертификат, т.с.с.) болса, солар сізге көп көмек көрсетеді. ҰБТ тапсырып болған соң оқуға құжат тапсыратын жерде арнайы сараптама бөліміне мақтау қағаздарыңызда бересіз, компьютерден іздейді. Табылса бағыңыз, табылмаса ол қағаздың құны төмен деген сөз. 

 

 

0 дауыс
Сонымен ол мамандық қандай Жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) бар. Тауып бересіздерме? именно Алматы қаласынан керек? және салық мамандығы экономика факултетине кіреді емеспе?
...