Зоогенді аурулар ол жануарлардың өздерінде ғана болатын аурулар, олар адамға жұқпайды. Антропогенді аурулар адамдарда болады да жануарларға жұқпайды, және үшінші түрі анропозоогенді аурулар, олар адамнан жануарға, жануардан адамға жұғатын аурулар. Мысалы өзің айтқан СПИД-пен өткен ғасырларда тек маймылдар ғана ауырған, Эбола да тек маймылдар арасында болған ауру. Кейбір африка халықтары маймыл етін жейді, содан әлемге тараған болуы мүмкін.
Көп жағдайда мал бауыздағанда, мал етін шала пісіргенде жұғатын бруцеллез ауруы. Сондықтан кез келген етті ұзақ қайнатып барып жеу керек, дұрыс қайнатылса бруцеллезбен аурған малдың еті болса да жойылып кетеді.