0 дауыс
3.9k көрілді
Бізді қоршаған паралель тақырыбына реферат керек ертенге керек еді?

1 жауап

0 дауыс
Параллель түзулер,[1] Евклидтік геометрияда — бір жазықтықта жататын және өзара қиылыспайтын түзулер. Абсолюттік геометрияда — берілген түзуде жатпайтын нүкте арқылы осы түзумен қиылыспайтын ең болмаса бір түзу өтеді. Евклидтік геометрияда мұндай түзулер тек біреу ғана болады. Бұл тұжырым Евклидтің 5-постулатымен пара-пар (параллель түзулер туралы). Лобачевский геометриясы бойынша жазықтықтағы берілген АВ түзуі бойында жатпайтын С нүктесі арқылы АВ түзуімен қиылыспайтын шексіз көп түзулер өтеді. Олардың АВ түзуіне тек екеуі ғана параллель болады. СЕ түзуі АВ түзуіне А нүктесінен В нүктесіне қарай бағытта параллель түзу деп аталады, егер:
В мен Е нүктелері АС түзуінің бір жағында жатса;
СЕ түзуі АВ түзуімен қиылыспаса;
АСЕ үшбұрышының ішкі бөлігі арқылы өтетін кез келген сәуле АВ сәулесімен қиылысса. СҒ түзуінің АВ түзуіне параллель болатындығы да осылайша анықталады.
...