0 дауыс

Химия пәнінен есеп шығаруға көмектесіңіздерші. Бұрын да қойғанмын жауабы қатты керек болып тұр. Алдын ала рахмет. Біреуі болса да шығарысып жіберіңіздерші?

1.Құрамында көміртектің массалық 92,3%, сутектікі 7,7%. Қалыпты жағдайда 1л массасы 1,16г. болатын газ тектес көмірсутектің молекулалық формуласын табыңдар?

2.Бір заттың 2,3 грамм газ жанғанда 4,4грамм көміртек оксиді 2,7 грамм су түзіледі. Осы заттың буының ауа бойынша тығыздығы 1,59. Заттың молекулалық формуласын табыңдар?

3.Көлемі 10л жанғыш газды жаққанда көлемі 15литр оттек жұмсалған және 10литр күкірт (4валентті) оксидімен көлемі 10л су буын алған. Жанғыш газдың формуласын табыңыздар.

4.Массасы 2,45 грамм қатты затты қыздырғанда көлемі 672 м.л(қалыпты жағдай) оттек бөлінген. Қалған қатты заттың массалық үлесі 52,35%, калий және массалық үлесі 47,65% хлор элементтері бар. Бастапқы заттың химиялық формуласын табыңыздар?

5.Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің 14,3% болатын көмірсутектің қарапайым формуласын есептеңдер?

15.01.2015 27.1k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
1) V(нью)=V/Vm=1/22,4=0,0446 моль

М=1,16/0,0446=26 гр/моль

бұл С2Н2 нің молярлық массасы

2) С2Н5ОН.

Ауаның тығыздығы 29 ға тең. 29*1,59=46. Яғни молярлық масса 46 гр/моль

М(С2Н5ОН)=24+5+16+1=46 гр/моль
15.01.2015
Ренжімей жығу жолын да жазып жіберіңізші өтініш
Жақсы, казир басқаларын да шығарып берем
Көп рахмет сізге жауап күтемін ЖЖменен
Тоғжан. Сен мамансыңғой. Сенде жауап өңдеу деген барма?
Иә,  бар .
Есебіңіз не болды шықтыма?
+1 дауыс
Құрамындағы С-тің молекулалық үлесі 0,818-ге тең,азот салыстырмалы тығыздығы 1,57 болатын көмірсутектің молекулалық формуласы.
25.12.2017
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,986Қолданушы