+1 дауыс
724 көрілді

Интернеттегі онлайн ойындарға ақша жұмсайсыз ба? Әлеуметтік желілерде түрлі түрлі ойындар бар. оларға ақша салсаң, жеңу, мақсатыңа жету оңайырақ болады, бірақ ақша керек. Салып көрдіңіз бе?

Әлеуметтік желілердегі ойын емес пәле ғой.

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бир-ак рет салганым болды, ен кобинесе ойнаган ойындарымды взлом жасаймын
"Взлом" көп уақытты алатын шығар...
Ойынга калай взлом жасайтынымды билгенше отырам, ен биринши рет жасаганда 3 кун отыргам
+3 дауыс
Интернетпен букмекерлік сайттарға ақша тігіп көрдім. Ұтылған ақшам 3000$ жетіп қалады, шамасы 2 жылдай ойнадым. Қазір қойып кеттім Аллаға шүкір.
өткенде ғана 1500$ едіғой)
3000 екен ұтып қайта ұтылғанымды қосқанда)
Жұрттар қайдан біледі дим да? :))
+1 дауыс
Танки, Дота, Варкрафт ПК

Clash of Clans, Angry Birds осы сиякты ойындарды ойнап кішкене дамытып аккаунтты сатып пайда табуга болады
+1 дауыс
Олимпке ақша салып, Кено ойнап көрдік. Жақсы ойын екен, тез.
Ұттыңыз ба?
3-4 адам қосылып ойнап жүрдік. Бірде ұтасың, бірде ұтыласың ))  Ойын ғой.
+1 дауыс
Жоқ салып көрген жоқпын
+1 дауыс
Жоқ! Салмағанмын да, ойнамағанмын да!

Компьютерлік ойындарға қызықпаймын!

Үш рет қана букмекерлік болжамдарға ақша тігіп, 50/50 болғанмын, содан бастамай жатып қойып кеттім.
+1 дауыс
Иа салып кордым.Аватария ойнына
Қалай аяқталды?
+1 дауыс
Третий Мир: Война Королей ойнында 250 тг дей жұмсаған болармын тек казня толтыру үшін болды.

Ал былайша БК тіккенім бар ставка, кено, виртуальный футбол сондайларға, оған 5000-7000 тг арасында кеткен шығар, қазір ойнамаймын ставка тігіп, тек Третий Мир: Война Королей ойының ойнап жүрмін.

 

http://twwk.ru/ міне офицальный сайты ойыннын, басында түсініксіз ойын, бір түсінсен керемет ойын. Ойнап бастағаныма 4-5 ай болып қалды.
+1 дауыс
World of Tanks-қа алтын алу үшін 5-6 рет салғанмын,
0 дауыс
Әзірге ақша жұмсап көрмеппін.
0 дауыс
иа салдым фермасоседи деген ойынға ақша табатын ойын
+1 дауыс
Sims Freeplay ойынына ақша салмақ болғам. Карточка сатып алайын деп дүкенге бара жатқан жолда Непалдағы жер сілкісінен зардап шеккендерге арнап көмек-қаржы жинап жүрген студенттер кездесе кетті. Әлемнің бір түкпірінде адамдар бір түнде баспанасынан айырылып жатқанда, ойындағы симдарға үй салып берем деген ойымнан өзім ұялып кеттім... Бұл жай ғана сәйкестік емес шығар деген ой келді.
Карточканы банктен алмайсыңба?
Google Play-дің карточкасы дүкенде сатылатын.
0 дауыс
Букмекерлік контороға колледж оқып жүргенде 1500 теңге қойып шықпай қалғаны бар.Ставка деген бәлеге қойған ақшамның алды-арты сол болды.
...