"Қасқырды қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды" демекші қасқырды неге қолға үйретуге болмайды?
Адам баласы тышқаннан бастап, пілге дейін барлық жануарды циркте ойната білгенде, қарапайым қазақтың қасқырын неге қолға үйретуге келмейді?
Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.