Жабайы қоянның еті үй қоянынікінен мүлде басқаша, жылқының еті сияқты тығыз, дәмі де соған ұқсас әрі емдік қасиеті де күшті болады. Қоян еті асқазан, ішек ауруларына шипа. Ал үй қоянының еті кәдімгі тауықтың еті сияқты түсі ақ, дәмі де соған ұқсас келеді. Сондай-ақ жабайы қоянның терісі жұқа, ал үй қоянының терісі қалыңдау болады. Олардың тағы бір ерекшелігі, жабайы қояндар ін қазбайды. Олар шеңгелдің түбін, қалың шөптің арасын жатақ ретінде пайдаланады. Сондықтан олардың жайылымы жатағынан ұзақ болмайды. Бірақ із жасыру үшін олар жайылымға ары-бері жүріп ізді көп қалдырады да, олардың жатаққа кеткен ізін табу қиынға соғады. Қыстың күндері олардың іздерінің ескі немесе жаңа екенін түскен қырауға қарап білуге болады. Ал мына қояндарды арнайы қамауға алғанмен де, өздерінше ін қазады. Кейбіреулері сол іннің ішін паналайды. Тағы бір айта кететін жайт, жабайы қояндардың түсі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Үй қояндары біртүсті, жылдың қай маусымында да өңін жоғалтпайды....