0 дауыс
2.3k көрілді
"Бауырына салу" дегеніміз не?

4 жауап

+1 дауыс

Бауырына салу - отбасы дәстүріндегі бала асырап алудың бір түрі. Ата-әжелер тұңғыш немересін немесе үйдің үлкен ұлы өзінен кіші бауырының үлкен баласын, сондай-ақ жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, асырап бағып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді. Бауырына салушы адам баланы өз ата-анасынан ажыратпайды, баланы екі үй де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал жасайды. Ержеткеннен кейін баланың өз отбасына оралуға немесе бауыр басқан үйінде қалуға еркі бар. Ата-әженің немерені бауырына басып бала қылып алуы дәстүрлі ортада кеңінен өріс алған. Қолғанат болып, былдыр тілімен ата-әженің көңілін аулайтын бала үлкен кісілердің тағылымынан нәр алып, өсе келе нағыз халықтық тәрбиені бойына сіңірген, өнегелі де тәлімді ұрпақ болып өсіп жетіледі. Бір ғана баласы бар ағайын кейде жалғызыма серік болсын деп жақын туысқанының баласын бауырына салып асырап, өз баласынан кем қылмай өсіреді. Ал баласы тұрақтамай, өмірдің талқысын көріп жүрген кейбір ағайын ақжолтай болсын деп ырым қылып, туыс адамның баласын бауырына салады. Нәсіп қылып, кейін өз балалары болса, «баламның алды, тұңғышын» деп бауырңа салған балаға ерекше назар аударып, «майтабаным» деп еркелетіп, қатарының алды қып ұстаған.

Бауырына салу - дәстүрлі ортада ағайын-туыстар арасында ғана емес, ру-қауым деңгейіндегі әлеуметтік байланыстарды нығайтатын институционалдық мәнді ғұрып.

Дерек көз http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B0_%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%83

+1 дауыс
"Бала – бауыр етің" деп жатадығой сондықтан "Бауырына салу" деген баланы асырап алу яғни өз баласындай көру
0 дауыс
Сөзінен келіп шықсақ бауыр (ағайын, бала немесе аға,апа сияқты) қылып алу дегені
0 дауыс
Бауырына салу деген- баланы асырап алу. Кейбір бала сүйе алмай жүрген адамдар бала асырап алғаннан кейін балалы болып жатады.
...