Сайт қолданушыларына жалынды сәлем!
Сұрақ-Жауап сайттың негізін қалаушы, дамытушысы ретінде сайтта болып жатқан жағдайлар мені бей-жай қалдыра алмайды. Сайт ашылғаннан бастап сайт қолданушылары арасында ең басты назарға алып келе жатқаным, ол жас аралықтарына қарамай сайт қолданушылар арасындағы СЫЙЛАСТЫҚ. Тіпті менің өзім де сайт қолданушыларымен сіз деп сөйлесіп, сыпайылықты басты назарға алуға тырысам.
Сайтта мен сұрақ қойып, жауап жазбасам да күніне 16 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн бойы сайт менің бақылауымда. Кімнің не жазып жатыр, белсенділігі, өзге қолданушыларға қалай қол ұшын созып, білгенімен бөлісіп сауапты іс-істер жатқандығын күнделікті көріп жүрмін.
Көпшілік бар жерде әр-түрлі қолданушы болады дегендей, ашуға бой алдырып, ұрысып, дөрекілік көрсетіп жатамыз. Сайт қолданушыларына айтарым. Өзге сайттарға қарағанда бір жанұяның балдарындай бауырмашыл болайықшы.
Қысқа ғана өмірде, сіз-біз десіп, аға-іні, апа-сіңлі, қарындасым деп сыйласқанға не жетсін.
Сайт басшылығы құрамына Сайт Редакторлары мен Сайт Модераторлары жатады. Яғни олардың іс-әрекеті, қадағалауы сайт әкімшілігінің рұқсатымег қорғалады. Басты мақсаттары белсенділік танытып, ЕРІКТІ түрде сайттың тазалығын сақтап, өзге қолданушыларға үлгі болуы керек.
Сайт қолданушыларына дөрекілік көрсетіп, ойларына келгенін істеуге мен жол бере алмаймын.
Сайттың осындай дәрежеге жетуіне сайттағы ерікті редакторлар, мамандар, модераторлардың арқасында жетіп отыр. Олардың алдында сайт қолданушылары мен сайт әкімшілігі үлкен қарыздар. Себебі сайт осы қолданушылардың арқасында дамып отырғанын жасыра алмаймыз.
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: Тәртіпке бағынған құл болмайды!
Жалпыға ортақ ережеге бағынып, бірлесіп жұмыс істейтін болсақ Қазақтар үшін пайдалы іс-жасайтын боламыз. Қазірдің өзінде сіз қалдырған ақпаратты сіздің іні-қарындастырыңыз, туыстарыңыз қолданып пайдалы қазақ тілінде ақпараттарды іздеу сайттары арқылы келіп қолданып жатыр. Біздің де көздеген мақсатымыз осы еді. Орыстардың ОтветыМайл.ру сайтының қазақша баламасы болу. Қандай да болсын ақпарат іздегенде оңай табылуына жағдай жасау.
Сайт модераторлары, редакторы өтініш. Тым қатты дөрекі болмай, адамның жеке басына нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтпасаңыздар екен деген ниет. Егер жеке басыңызыдң мүддесі үшін сайт мүмкіншілігін қолдансаңыз амалсыздан мен ондай мүмкіншілікті шектеуге барамын. Себебі сайт жалпыға арналған. Сайттың болашағы мені бей-жай қалдыра алмайды.
Есесіне мен сайт қолданушылары үшін жаңа мүмкіншіліктері көптеп қосуға тырысамын. Биылғы жылы сайттың алдында көптеген жоспарлар тұр. Сіздерге жақын арада тағы да жақсы мүмкіншіліктерді қосып қуантпақ ойымыз бар.
Бізбен бірге болып, сайттың барлық қызықшылықтарын көріңіз. Қазақтар үшін пайдалы дүниені бірге жасайық. Сіздерге үлкен рахмет!
Сайтқа қатысты ұсыныс, пікір, алып қосар ойларыңыз, шағымдарыңыз болса Кері байланыс арқылы хат жазыңыздар болады.
Сұрақ-Жауап сайты. Өз сұрағыңды қой!