Скалиоз вертэбре ол омыртқаның бір жағына қарай қисаюы (скалиоз декстр - оңға, синистер - солға қисаюы) Оны кифозбен (алдыға немесе артқа қарай қисаюы) шатастыруға болмайды. Скалиоздың ЛФК-сы бөлек, кифозба мұлдем бөлек.
Егер жеңіл дәрежесінде немесе басталып кете жатқан сатысында болса ЛФК (лечебный физкультура) арқылы емдеуге болады. Немесе менің сыныптасымда кифоз болып ол арнайы ағаштан жасалғаш брекет киіп жүріп түзелді.
Скалиоз ол бала даму барысында бір жағына қисайып жүрген кезде, бір аяғын ауырсынып басқанда салмақ бір жағына түскеннен омыртқа аралық дискалар жылжып омыртқа қисаяды.
Турникте ілініп тұру омытқаға пайдалы, бірақ одан секіріп түсу кері әсер етеді. Ілініп тұрған кезде омытқа аралық дискалар да босансып тұрады, бірден секіріп түскенде бос тұрған дискаларға салмақ әсер етіп протрузияға дейін әкелуі мүмкін.
Үлкен больницаларда, немесе кеййбір жеке клиникаларда арнайы физ кабинеттер болады, сол жақтан ем алып, ортопед терапевт көрсеткен ЛФК жаттығуларды жасап жүрсен толықтай емделуге болады. Емінің ұзақтығы аурудың дәрежесіне байланысты.