Бекет» деген сөздердің халық арасында көп айтылатыны мәлім. Осы «Пір»
дегеніміз кім? Түркілерде пір қандай рөл атқарған? деген сұрақтар біршама
адамды ойландыратыны анық. Расымен де, «пір» дегеніміз кім?
Дін өздігінен болатын құбылыс емес. Қазақ әулие, имам, ишан, пір,
қожа, молда деп дін таратушыларды айтқан және рухани азық иелері ретінде
құрмет тұтқан. Қазақтардың санасында «пір» ұғымы ежелден-ақ болған. Пір
– сөзі бізге парсы тілінен кірген. Парсышадан «данагөй қария» деп
аударылса, діни, сопылық әдебиеттерде «рухани жетекші, басшы» деп
көрсетіледі. Сопылық ілімнің ғұламаларын, сол жолдың үлкені, ақсақалы,
құрметтісі деген мағынада пір деп атаған. Көп жағдайда пір «әулие» атанып,
аскеттік өмір сүреді. Діни ұғымда пір қолдаушы, қорғаушы, сүйеніш болып
есептеледі, аруақ туралы түсінікке де жақындайды. «Пір» сөзінің орнына
кейде мүршид, шейх сөздері де қолданылады. Жалпы «пір» дегеніміз, ол –
ұстаз.
Пір болған адам
өзі де пірден дәріс алған, одан қол алған кісі. «Қол
алу» дегенді «пірден рұқсат алу» деп түсінуге болады. Пірлер
киелі,
қасиетті, аузы дуалы, тақуа адамдар болған. Пір – сопылық бауырластыққа
мүше болатын адамды баулитын ірі дінбасы. Пір сопылық жолға түскен
адамға қолдаушы, сүйеніш болып есептеледі. Парсылық бір ақын, Исламдағы
сопылықты парсышалап түсіндіру барысында Қожа Ахмет Яссауиді
«Түркістанның пірі» деп атаған, сол сәттен кейін түркі жұртында да «Пір»
сөзі қолданыла бастады. Ахмет Яссауи түркі жұртының алғашқы пірі болса,
қазақтарда алғашқы пір
Бекет батыр болған. Олар халыққа жасаған
қызметі, данагөйлігі, ақылдары, тақуалығы арқылы пір дәрежесіне жеткен
адамдар. Сопылық жол алғаш пайда бола бастаған тұста хақ тариқаттар көп
болған, дініміздің барлық қағидалары, әмір-тыйымдары да үйретілетін. Осы
себепті де ол кезде, пір, мүршидтер санаулы ғана болатын, өйткені нағыз
сопы болып, әулие атану оңай іс емес-тін. Пір немесе әулие болған
адамдардың да мақсаты, бұл емес еді, олар жүрегін Аллаға беріп, ақиқатқа
жеткісі келетін. Өзі осындай дәрежеге жеткен соң, арқасынан ерген
ізбасарларын тәрбиелеп, Хаққа жетудің дұрыс жолын көрсетуді парыз деп
білген. Бірақ, арада бірнеше ғасырлар өткен соң сопылық жол өзгерістерге
ұшырады, жасанды пір, әулиелер көбейді. Әр ауыл, қалада бір шейх пен пір
пайда болып отырды. Әрине, бұл сопылық жолдың келесі ұрпақтар
тарапынан сынға қалуына өзіндік рөл ойнады. Қазіргі күні, халық арасында
пір, әулиелер жайлы оң көзқарас жоқтың қасы, әсіресе жастар оны
адасушылық деп санайды. Бұл негізгі ақиқаттың бұрмаланғанының әсері
деуге болады.
Алғашқы тариқат дәуірлеріндегі шейх, мүршидтерден халыққа
ешқандай зиян болмаған, олар өз текке, ханакаларында (діни білім берілетін
орындар) шәкірттерге дәріс беріп, әр тариқат өздеріне сай зікір салып,
керісінше халықтың тура жолды, ақиқатты табуына жәрдемдескен. Олар
шәкірт ісіне де аса мән берген. Шәкірттер қаншалықты қатаң болса да,
53
тәртіпке бағынатын. Себебі нәпсіні тыю, барлық дүнияуи қызықтардан баз
кешу оңай емес. Шәкірттер тариқаттың мақамдарынан өтіп, бір сөзбен
айтқанда «Өлмес бұрын өлудің» күйін кешетін. Мүрид осы асыл мақсатқа
жету үшін өзіне тура бағыт беретін мүршитке мұқтаж. Мүршид сөзінің
жалпылай, тасаууф ұғымында жекелей де мағынасы бар. Жалпы мағынада
мүршит дегеніміз
адамды теріс жолдан қайтарып, дұрыс жолды көрсететін,
көңілімен Аллаға бағынған, шәкіртін кәмілдікке тәрбиелейтін адам.
Тасаууф термині ретінде мүршит нәпсіні тыю жолдарымен жүріп өтіп,
қиындықтарын сезіне білген тәжірибелі ұстаз, Алланы тану жолына түскен
адамға айтылады. Мүршиттің теккелердегі мүриттерді тәрбиелеу жұмыстары
әр тариқаттың өзіндік әдістерімен жүргізіліп отырған, сол себептен олар сан
қилы болған. Әлдебір адамға осындай қасиеттердің берілуі халифалық
делінеді. Сол мүршиттің ерікті шәкірті, ізбасары ол – мүрит. Мүрит ол
рухани ұстазы бар, өз еркімен сопылық жолына түскен, рухани жетілудің
алғашқы сатысындағы адам. Ұстазы мүршитке «қол беруші» яғни, пірінің
біліміне, тақуалығына толықтай көзі жетіп, рухани дамыта алатын адамға,
өзін толықтай сеніп тапсырушы. Мүриттің тәрбие алу барысында өзін отбасы
қамқорлығында жүргендей сезінуі оның рухани кемелденуіне септігін
тигізеді. Сондықтан сопылық мектебінде тәрбие беруші мүршиттер «әке»
орнында болса, оның әйелі «анасы» іспетті болып келген. Ал, тариқаттағы
өзге тәрбиеленуші мүриттер бауырларындай болып, бір отбасы
мүшелеріндей өмір сүру жағдайы қарастырылады.
Сопылық жолда ұстаз бен шәкірттің (яғни, мүршит пен мүриттің)
қарым-қатынасы, байланыстары, сұхбаттары рухани жетіп-даму үшін үлкен
рөл атқарған. Сопылық тариқатқа қадам басушы мүрит, алдымен, шариғат
шарттарын, исламның қарапайым моральдық, этикалық қағидаларын
ұстануы, орындауы қажет. Мүриттің сопылық жолға түсуі ішкі рухани
ізденістері нәтижесінде болады. Мүриттікке қабылдау рәсімдері оған арнайы
киім ұсыну, Хақ жолын еркімен қалап, тәубеге келуі жайлы ант беру, тағы
басқа арқылы өткізілген. Мүрит ұстазымен рухани үндестікке жетуді
қалайды, оған толықтай мойынсұнады. Мүриттің рухани кіріптарлығы
ұстаздан тәлім-тәрбие алып, дербес жол табу алдындағы уақытша құбылыс
саналады. Мүриттер ұстаздарынан үлгі алып, оларды жырларына қосып
отырған. Мысалы, Пір Қожа Ахмет Яссауидің шәкірт, мүриттерінің саны өте
көп болған. Ең атақты шәкіртінің бірі Сүлеймен Бақырғани болған, ол да өз
жырларында Ахмет Яссауиді «Пір» деп атап көрсетеді:
Қараса Кағба (тап қасындағыдай) көрінген,
(Аяғын) басса, жер (қысқарып) түрілген.
Ладуни ілімі (өн бойына) үйірілген,
Пірім Ахмет Яссауи,
– деп жырлаған жолдарында да Ахмет Яссауидің киелі әулиелігін баяндап
тұрғандай.
Қорыта айтқанда, қазақтардың діни түсінігінде пір, мүршид, мүрид
түсінігі болғандығын көреміз. Себебі, түркі жұрты 11-12 ғасырларда пайда
бола бастаған сопылық жолды, сол жолдың ұстанушыларын, ұстаздарын,
54
сопыларын қадір тұтып, құрметтеген. Қарапайым халық үшін пір жай ғана
ұстаз емес, тура жолға бастаушы бір щамшырақ ретінде болған. Ал, қазіргі
таңда пірлердің болмауы, пір-әулиелерге деген теріс көзқарастың
адамдардың санасына кіруі, бір жағынан кешегі атеистік идеологияның әсері
болуы мүмкін.
55
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША
20 СҰРАҚ-ЖАУАП
8-шығарылым:
Діни-рухани ұғымдар
______________
Астана қ., Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс
Басуға ___ қол қойылды.
Каталог: uploaded
uploaded -> ТӘжірибе алмасу – МҰҒалімнің КӘсіби өсуінің факторы
uploaded -> Кодексіне "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001
uploaded -> Бердимурат назимгульдің 6D050800 – «Есеп және аудит»
uploaded -> Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия
Поделитесь с Вашими друзьями: