0 дауыс
"Сарабдал" сөзінің түп-төркіні қандай сөзден шыққан?
13.01.2015 6.0k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Қазақтың «Сарабдал» деген жалғыз ауыз сөзінің өзінде қаншалықты шалқар мағына, салауатты мән бар десеңізші. Ол өз бойына тегіннен-тегін лақ ете қалмайтын сөзге сараңдықты, ұрымтал мен ұтымдалды қапысыз танитын қырағы ақылды, санап айтып, қадап тигізетін мірдің оғындай өтімді пікірді, бұралаңы мен бұлтарысы көп өмір жолынын қай тұсында да көңіл бұйдасын тек арға ұстатқан рухани қайсарлықты, қысқасы, көз келгенде кездесе бермейтін кемел парасатты сипаттайтын түгел сыйғыза алады. Арғы тегі саралаудан, санадағы саралықтан өрбитін осы сөз.

13.01.2015
+1 дауыс
Бұл сөзбен біз адамның портретін бейнелеуде көп қолданамыз. Ой-пікірі жинақталған, нағыз азамат десек болады.
16.01.2015
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы