+1 дауыс
999 көрілді
Арапа күні қандай амалдар орындалады?

2 жауап

0 дауыс

Арапа - дініміздегі қасиетті күндердің бірі. Ол Құрбан айтынан бір күн бұрын келеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) білдіруінше, арапа – артықшылығы мол күн. Ол артықшылығы жағынан жұма күніне ұқсас. Ол жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да арапа күні жасалған дұға (Байхақи).
Бұл күні Алладан көбірек кешірім тілеп, біліп және білмей жасаған күнә-қателіктеріміз үшін тәубе етудің де маңызы зор. Өйткені, әзірет Әли: «Алла тағала дәл арапа күніндегідей еш уақытта көп адамды тозақ отынан азат етпейді» деп жеткізгені мәлім. Кейбір ғалымдар қасиетті Құранның «Ықылас» сүресін барынша көп, тіпті, мың рет оқудың артықшылығын да білдірген.

Арапа күні жасалатын ең ізгі істердің бірі - ораза ұстау. Бұл күні ораза тұту, бір жағынан, нәпсі тәрбиесі үшін маңызды болса, екінші жағынан, сауабы да ұшан теңіз. Сүйікті Пайғамбарымыз бұл туралы былай деген: «Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады».

Арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айтынан кейінгі төртінші күні Екінді намазы біткенге дейін оқылатын 23 намаздың парыздарынан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллаллаһ, уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһи хамд» деп тәкбир тәшриқ айтылады. Ханафи мәзһабы бойынша басы азат, тұрғылықты және ер адамдар үшін бұл күні тәкбір тәшриқ айтудың үкімі – уәжіп.

0 дауыс
Арафа, арапа (араб. арафатун, арафат) — қажылықрәсімдерінің бірі өтетін Меккеқаласысы жанындағы Арафаттауының атынан, ал негізі арабтың “арафа”, яғни бес сезім мүшесі арқылы бір нәрсені білу, ұғыну деген мағынадағы сөзінен шыққан атау. Құранда “әл-Араф” деген сүренің аты бар. Ол жәннат пен тозақтың арасындағы адамдар, яғни екі иықтағы періштелер жазған күнәсі мен сауабы теңдей жандар деген ұғымды білдіреді. Алла тағала Ибраһим ғалайссаламға періштесін жіберіп, осы Арафаттауында тоқтауды бұйырған көрінеді. Соңынан “Не сезіндің, не білдің?” деп сұраған екен дейді. Кейбір руяттар дерегі бойынша Адам ата  мен Хауа анаосы тауда кездескен. Арафатқа тоқтаған адам мұнда зулхиджа айының 9-күні күн көтерілгеннен бастап айт күнінің таңына дейін кідіреді. Пайғамбар бұл жөнінде Арафатта айтқа дейін тоқтаған кісі иманды жандар қатарында болады деген екен. Қажылық сапарындағылар осы таудың басына шығып айт (құрбан айт) намазын оқитын күннің алдындағы күнді де арафа дейді. Сонымен бірге үлкенді-кішілі діни мейрамдар рәсімінен бір күн бұрынғы күн — “шын арафа”, екі күн бұрынғы мерзім — “жалған арафа” деп те аталады.
...