Арафа, арапа (араб. арафатун, арафат) — қажылықрәсімдерінің бірі өтетін Меккеқаласысы жанындағы Арафаттауының атынан, ал негізі арабтың “арафа”, яғни бес сезім мүшесі арқылы бір нәрсені білу, ұғыну деген мағынадағы сөзінен шыққан атау. Құранда “әл-Араф” деген сүренің аты бар. Ол жәннат пен тозақтың арасындағы адамдар, яғни екі иықтағы періштелер жазған күнәсі мен сауабы теңдей жандар деген ұғымды білдіреді. Алла тағала Ибраһим ғалайссаламға періштесін жіберіп, осы Арафаттауында тоқтауды бұйырған көрінеді. Соңынан “Не сезіндің, не білдің?” деп сұраған екен дейді. Кейбір руяттар дерегі бойынша Адам ата мен Хауа анаосы тауда кездескен. Арафатқа тоқтаған адам мұнда зулхиджа айының 9-күні күн көтерілгеннен бастап айт күнінің таңына дейін кідіреді. Пайғамбар бұл жөнінде Арафатта айтқа дейін тоқтаған кісі иманды жандар қатарында болады деген екен. Қажылық сапарындағылар осы таудың басына шығып айт (құрбан айт) намазын оқитын күннің алдындағы күнді де арафа дейді. Сонымен бірге үлкенді-кішілі діни мейрамдар рәсімінен бір күн бұрынғы күн — “шын арафа”, екі күн бұрынғы мерзім — “жалған арафа” деп те аталады.