Қимылдау белсенділігін қысқарту арқылы да салмақ қосуға болады. Мысалы, жаттығуды доғарған спротшы тез арада салмақ қосып, толып кетеді. Себебі мұндай жағдайда ол сыртқа энергия шығаруды азайтады да, бұлшық ет тіні семіп қалады. Көп қимылдап, сыртқа көп мөлшерде энергия шығаратын адамдардың салмақ қосуы сирек құбылыс. Сондықтан да қара жұмыспен айналысқан адамдар көбіне арық көрінеді. Сізге расымен де тез арада толу керек болса, амал жоқ, осы жолды таңдаңыз. Ол үшін сіз сыртқы ортаға көп күш жұмсамай, күні бойы теледидардың басқышын қолыңызға аласыз да, төсектен бас көтермей жатасыз!
Бірақ бұл жол сізді еріншектікке жетелейтіні анық. Сондықтан шамаңыз келгенше, дұрыс тамақтану мен уақытылы тамақ тәртібін бұзбай салмақ қосуыңызға тілектеспіз!
Массагет кз