+2 дауыс
17.6k көрілді
Жапон елінің тарихымен танысқым келеді ол жайлы мәлімет қайдан алуға болды? және тілімен болса жақсы болар еді...
Тілі жағынан мәліметтер керек еді...яғни сөздік

7 жауап

0 дауыс

Толығырақ мына сайттан көре аласыз http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F

+2 дауыс

Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю,Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туғанкүні). Ақша белгісі — иен.

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы #

Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI—IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

Жапония қалалары #

Токио

Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.

Жапонияның ең үлкен қалалары: #

Токио
Иокогама
Осака
Нагоя
Саппоро
Кобе
Киото
Фукуока
Кавасаки
Сайтама

Табиғаты #

Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами(Хоккайдо аралында), Оу, Эчиго, Хида, Кисо, Аканши (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Ишикари (Хоккайдо аралында). Климатымуссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.

Географиясы #

Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарыныңауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.

Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі #

 

Жапондардың салттары #

Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.

Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.

Тарихы #

Матсумото сарайы

Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Джомон және Яйои мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілеріҚытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тенно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін "Тайка" реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нарасалынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хейан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды.Шогундер елді әскербасыларының (буши) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореяменарадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иеясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дешима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.

1867 — 1868 жылғы революциядан кейін сёгундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 — 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 — 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі “Мицул”, “Митсубиши”, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылы Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пенхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезіндеМаньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шандунг провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияныбасып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып,Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946 — 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемл. аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.

Әдебиеті #

Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Коджики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Коджики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Шикибудың “Генджи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хейке — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхейки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Ешицуне-ки” (“Ешицуне туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Чикамацу Монзаемоның(1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку(1755 — 1829), Каватаке Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоенің “Отты бағана” романы, ақын Ишикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамуне Хакуте, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Шимода Сейджидің “Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сейдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Шимазаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов(1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.

Өнері # Гейша

Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағы Изумо Исе ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хорюджи, Якушиджи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінЖапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 — 6 ғасырларда “ханива” — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 — 11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 — 14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, 13 ғасыр). Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастап Қытайкескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 — 18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тошико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды.Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, шакухачи (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастапЕуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясуджи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио', Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапониятеатры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Шингеки — еуропа театр ықпалымен 20 ғасырдың басында пайда болған драмалық жанрында Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылы Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармашылығы Жапонияның кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен “Ұмытпа сол бір күндерді” (1963, реж. Х. Теенгахара), “Ереуілші” (1967, реж. М.Кобияши), “Трамвай доңғалағының дүрсілімен” (1971, реж. Акира Куросава), т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.

Қазақстан мен Жапония арасындағы экономика­лық ынтымақтастық #

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-эко­номикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония ара­сындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.

Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыңосы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ

Дерек көз http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F

"Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы

Достық үстінде де әдеп сақталуы тиіс. Жапон мәтелі

Жапондардың ас үстінде неліктен шалпылдайтыны, әйелдерге есік ашып, алдымен өткізіп жібермейтіні шетелдіктерге әлі күнге жұмбақ. Бұл - жұмбағы мол Жапония. Фудзи тауы мен сушидің, құлтемірлер мен дәстүр-ғұрыптың елінде қиын әрі күрмеуі мол мәдениет сақталған.

Мақаламызда жапон этикасымен жақынырақ таныса отырсақ: таяқшаны қалай дұрыс ұстау керек, әңгімелесушімен қалай дұрыс сәлемдесу қажет, қоғамдық транспортта өзіңді қалай ұстаған дұрыс.

Жапон этикасы - қиын әрі күрдерлі "ғылым", оның түп тамыры Конфуциандықта, Синтоизмда, жапон қоғамының бүгінгі иерархиялық қатал жүйесінде жатыр.

Жапондар үнемі өздерін сыпайы әрі байсалды ұстауға тырысады. Еуропалықтардың өз мәдениеттеріне бірден үйренісіп кетуінің қиын екендігін жете түсінгендіктен, олар туристердің тосыннан танытқан мінез-құлқына ақ адал көңілмен, сыпайы сықақпен жауап беріп әдеттенген. Өзге жұрт өкілдері жапон мәдениетін үйреніп жатса, олар үшін бұл зор мәртебе.

Сиқырлы сөз немесе әңгімелесушімен тілдесу

Нихонго но кэйсё - адам мен зат атауларына жалғанатын жұрнақ, әңгіме кезінде адамның мамандығы мен тегіне, есіміне қосыла айтылады. Әңгімелесушінің қаншалық туыс екендігін және әлеуметтік байланыс маңыздылығын көрсетуге дәлел.

Бұл елде жұрнақсыз тілдесу дөрекілікке жатады. Тек мектеп оқушылары арасында, студенттер мен жақын достардың ортасында, сонымен бірге, үлкеннің балаға қарата айтқан сөзінде бұл жұрнақтар көрініс таппайды.

Нихонго но кэйсё жұрнағының бастылары:

-сан – әлеуметтік мәртебесі тең адамдар арасында, кіші мен үлкеннің әңгімесінде, ет-жақын туыс емес жандардың сұхбаттасуында жалғанады. Ұстамдылықты көрсетеді. Қысқа қайырғанда, біздің "Сіз" деген секілді.

-кун – әріптестер мен достар арасында, үлкеннің кішіге қарата айтылған сөзіне жалғанады.

-тян – әлеуметтік мәртебесі мен жас мөлшері бірдей жандардың жақын ара қатынасында, және де балаларға қарата сөйлеуде қолданылады.

-сама – сый-құрметтің соңғы шегінде, көбіне ресми хаттарда жалғанады.

-сэмпай – кішінің үлкенге қарата сөйлеуінде қолданылады (ұстаз - оқушы, тәжірибелі маман жұмысшы - тәжірибесі жеткіліксіз маман);

-кохай – сэмпай жұрнағына қарсы мәнде;

-сэнсэй – ғалымға, дәрігерге, жазушыға, саясаткерге, жалпы алғанда, қоғамдағы сыйлы жандарға қарата қолданылады.

Сәлеметсіз бе?!

Сәлемдесу - жапон мәдениетінің айнасы іспетті. Көбіне иілумен көрініс тауып жатады (ол жайлы төменде), қолданыста айтылатын сөздері де бар:

Охаё годзаймасу – қайырлы таң.

Коннитива – қайырлы түн.

Комбанва – қайырлы кеш.

Хисасибури дэсу – көп болды көріспегелі.

Сонымен бірге, «Оссу», «Яххо!», «Оой!» (ерлер ортасында) бейресми нұсқалары да қолданыла береді.

Сау бол!

Жапонияда қоштасу үшін қолданыста мынадай сөздер бар:

Сайонара – көріскенше, сау болыңыз.

Матанэ – сау бол, көрісерміз.

Оясуми насай немесе жай ғана оясуми – қайырлы түн.

Рақмет

Жапонияда алғыс жаудырудың реті:

Домо – рақмет.

Домо аригато – көп рақмет.

Домо аригато годзаимас – көп-көп рақмет.

Тәңір жарылқасын

Құрмет көрсету реті:

Доитасимаситэ – алғыс айтуға татымайды.

Котиракосо – сізге рақмет.

Оцукарэ сама – тамаша жұмыс.

Бұйымтай

Көмек сұрау үшін «онэгаи» немесе «кудасаи» деп айту қажет. Дегенмен, Жапонияда әдетте көмек сұрай бермейді (тек қиын сәттерде болмаса).

Сондықтан, қол ұшын беруден бас тарту – бұл елде дөрекілік емес, керісінше, сый-құрметтің белгісі саналады. Әлгі жан бірнеше мәрте көмектесуге дайын екендігін білдірсе ғана, қолдауды қабыл алуға болады екен.

Кешірім сұрау

Әдетте кешірім былай сұралады - «Гомэн насай» немесе «Сумимасэн». Соңғысы сөзбе-сөз аудармасында "маған кешірім жоқ" деген мағынаны береді. Жапондар бұл сөзді жиі қолданып, ең ақыры, жайсыздық тигізген сөз иесіне сол арқылы сый-құрметін білдіруге тырысады.

Жапондар үшін сөз екінші орында, екінші мәнге ие. Көпшілігі (егер барлығы болмаса) ым-ишара тілінде жеткізуге әдеттенген.

Жапондармен тілдесуде басты қағида - жеке кеңістікті бұзуға жол жоқ.

Ет-жақын туыс емес жандармен әңгімеде арақашықтықты ұстап тұруыңыз тиіс. Арқадан қағып, құшаққа алып жатуға болмайды. Қысқасы, өзгенің жеке меншігіне аттап басуға тыйым салынады.

Көзқарас

«Көз – жанның айнасы» – дейді бізде. Жапондар өз жанын көпшілік алдында көрсетіп әдеттенбегендіктен, әңгіме үстінде олар бір-бірінің көзіне мүлдем қарамайды десе де болады.

Мұның түп негізі ерте уақыттардан қаланған болып шықты: сол уақыттарда әлеуметтік мәртебесі жоғары тұрған жанның көзіне тіке қарауға болмайтын болған. Бір сөзбен айтқанда, естіп білмеген көргенсіздік саналып келуде.

Тағзым

Сәлемдесу, алғыс айту, кешірім сұрау, құрметтеу - осының бәрін жапондар тағзым арқылы жеткізіп жатады.

Тағзым (ojigi) - жапон мәдениетінің алынбас бір бөлшегі. Тіпті, осы күні де телефонмен қоңырау шалып, бір-біріне тағзым ететін кездері де болып тұрады (әрине, ойға алмастан).

Ең бастысы, дұрыс тағзым - тәрбиеліліктің көрінісі.

Тағзымның үш түрі:

Eshaku – білінер-білінбес әрі қысқа тағзым. Арқаны 15º градусқа иесіз. Күнделікті тұрмыста жиі қолданыста. Әріптестермен сәлемдесуде, әлеуметтік мәртебесі жоғары жандармен амандасқанда, не болмаса "рақмет" орнына да қолданыла береді.

Keirei – ұзаққа созылатын тағзым (30º). Сыйлы әріптестер мен кәсіпкерліктегі серіктестердің ортасында орындалады.

Sai-Keirei – тағзымның ең қадірлісі (45º). Шексіз сый-құрметті білдіруге, маңызды жандармен амандасуда қолданылады.

Дұрыс тағзым ету үшін, мына шарттар орындалуы ләзім:

Тоқтау.

Қарсы алдына тұру.

Қолды санға қою немесе қолды кеудеге жинау (gassho).

Тағзым жасау.

Қонаққа шақыру

Жапондар үйлеріне жиі қонақ шақыра бермейтін халық (әсіресе, шет елдің меймандарын). Мәселе, бұл тұста қонақжайлылықта емес.

Көп жапон үйді жалға алып тұрады. Өз үйі болмауы мүмкін. Және көпшілігінің үйлері тар, бөлмелері қуықтай келеді. (Өзіңіз-ақ ойлай беріңіз...)

Егер сізді қонаққа шақырған болса - сізге үлкен сый-құрмет көрсетілгені.

Бас тарту тұрпайылыққа жатады.

Сыйлықтар

Қонаққа құр қол баруға болмайды.

Сыйлықтар - жапон мәдениетінің маңызды бөлігі.

Сыйлықтар мереке қарсаңында, айтулы күндері, сый-құрмет белгісі ретінде беріліп тұрады.

Сыйлық берудің өз кәдесі, шарттары бар. Тіпті, қолданыста «Дзото» термині сақталған - сыйлықтарды табыстау өнері.

Сыйлықтарды табыстаудың алтын қағидалары:

Сыйлық міндетті түрде оралған болуы тиіс.

Сыйлықты (кісіден кісіге берілетін зат секілді) қос қолмен алған және берген дұрыс.

Сыйлықты бірден ашуға болмайды (әуестік пен іштарлыққа ұласады).

Сыйлық ұғынықты әрі жиын-тойға сай берілуі қажет (көбіне ақша түрінде).

Сыйлықта 4 саны тұрмауы тиіс (өлім иероглифінің омофоны)

Ең ақыры, сыйлығыңыз үшін (тіпті, ол қымбат болсын) "кешірім сұрауыңыз" тиіс (сіздің сыйлығыңыз бәрібір де сол адамға деген сіздің сый-құрметіңізден асып түсе алмайды).

Пошта арқылы келген сыйлыққа әдетте жауап ретінде алғыс хат жазады.

Сонымен, жапондардың қонақжайлылық әдебі бойынша, үйге кіргенде қонақ ауызғы бөлмеде («чэнкан») тоқтауы тиіс, сол орыннан оны үй иесі күтіп алады. Қонақ үй иесінің әйеліне сыйлықты беріп жатып, келіп мазалағаны үшін кешірім сұрайды. Үй иелері, өз кезегінде, қонақжайды қарапайым қарсы алып жатқанына кешірім өтінеді.

Осыдан соң үйге кіресіз.

Аяқ киім

Америка мен Еуропада үй ішінде аяқ киіммен жүру әдетке айналса, Азияда, соның ішінде Жапонияда аяқ киімдішешіп жүру міндетті саналады.

Үйге аяқ киіммен кіру - жапон этикасының өрескел бұзылуы. Жапондар тәжірибесіз туристерге көп нәрсені кешіруі мүмкін, бірақ, мұны қалыс қалдырмайды.

"Күн шығыс елінің" кейбір өңірлерінде, провинцияларында аяқ киімді жұмысқа барғанда да шешіп тұрады.

Демек, жапон үйінің табалдырығынан аттамас бұрын, аяқ киімді шешіп енген дұрыс.

Кейде олар мейманға үй аяқ киімін ұсынып жатады. Бұл тұста тағы бір тосын жайт күтіп тұруы мүмкін - әрқашан өз шұлығыңызды таза ұстап жүріңіз.

Тосын тағы бір жайт. Жапон үйлерінде ванна мен дәретханаларға кірер ауызда арнайы аяқ киімдер (тапочка) тұрады.

"Тұра берсін", - деп ойлаған мейман шұлықпен кіріп жатса, өзін үлкен ұятқа қалдыруы әбден мүмкін. Әжет бөлмесіне кірерде міндетті түрде арнайы аяқ киімді киген дұрыс.

Қоғамдық транспортта

Жапонияда қоғамдық орындарда ұстанатын бірқатар маңызды ережелер бар. Солардың бірі, транспортта:

Айқайлауға болмайды (тіпті, сіздің танысыңыз болып бара жатса да, топ ішінде қатты дауыстау сөлекеттік болып саналады).

Дөрекілік көрсетуге, иін тіресуде итеріп жауап қайтаруға (транспортта бірін-бірі итерісіп, аяқтан басып кетіп жатса да, ешкім мұны елемеген болып, ұрыс шығармай, төзіп тұра береді).

Бекетте, аялдамада, тіптен, пойыздың ішінде мобильді телефонмен сөйлесуге - бұл өзге жолаушылардың тыныштығын бұзуы мүмкін және мәдениетке қайшы келеді (барлығы SMS жазысады).

Егер сіз ер болсаңыз, әйелдерге арналған вагондарға мінуіңізге болмайды (кешкі уақыттарда нәзік жандыларға арналған арнайы пойыз вагондары жүреді. Тапталып қалмауы үшін).

Жұрт алдында мұрын сіңбіруге...

Дастарханға отырарда

Тамақ алдында

Тамақтану алдында (классикалық қағидаларға сәйкес) қол мен бетті тазалау үшін ылғалды ыстық сүлгі беріледі – «осибори». Бірақ, көпшілік қарапайым мейрамханаларда осибори болмауы да мүмкін.

Қай жерде болмасын, бірақ, сіз тамаққа кіріспес алдында «Итадакимас» (Itadakimasu – «Мен алғыспен ауқатты қабыл аламын») деп айтуыңыз қажет. Бұл "ас болсынның" орнына.

Таяқшалар

Хаси - тамақтануға арнайы таяқшалар. Хасиоки - астауша. Таяқшаны дұрыс ұстай білу - адамның жоғары мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Хаси ұстауда өзіндік ережелер тағы бар...

Тост көтеру

«Kanpai!» – жапондар сакэні көтеріп тұрып, қағыстырған сәтте осылай айтады. Аудармада "түбіне дейін іш!" деген мағынаны береді.

Дей тұра, түбіне дейін ішудің қауіпті екенін айтпасқа болмайды. Сіздікі босап қалса, құйып отырған пысық жан қайтара тағы толтырып құюға тырысады.

Айтпақшы, егер сусындарды өзіңіз құйып отырған болсаңыз, онда өз құтыңызға соңғы құйылғаны дұрыс.

Тамақтанудан соң

Үстелден үн-түнсіз тұру - жүз танытуда дұрыс өң емес. Міндетті түрде ауқаттандырған үй иесіне (ол сізді естіп жатпаса да) алғыс айтуыңыз тиіс (мейрамхана аспазшысы, үй иесінің әйелі). Қолданыста - «Гочисосама» сөзі.

Тағы бірер кеңес

Үстел үстінде тағамды қатты шалпылдатып жеп жатса, таңғалмай-ақ қойыңыз - жапондар осы арқылы астан ләззат алып жатқанын білдіруге тырысады.

Шайға ақша беріп әуре болмаңыз - алмайды.

Іскерлік қарым-қатынас

Жапондар кәсіпкерліктің маңыздылығын жетік білетін жандар. Жапондық серіктестердің сеніміне кіріп, құрметіне ие болу үшін халықаралық іскерлік әдебінің бірнеше басты қағидаларын біліп жүргеніңіз дұрыс.

Кешігу

Жапондар ешқашан кешікпейді. Жапонды күттіріп қою, демек, сыйламағаныңыз. Кешігіп барғаннан гөрі, дұрысы, ерте барып алған жөн.

Жоқ!

Жапондық кәсіпкерден бірден бас тартуды естісеңіз – бұл, әрине, «нонсенс» болар еді.

Есіңізде болсын, жапондар еш уақытта "Жоқ" деп айтпайды.

Қойылған шарттар қолайларына жақпаса да, олар бастарын шұлғып, жалтармалы жауап беруге тырысады («Біз ойланамыз», "Бұл қиын", т.б.)

Мұндайда мінез-құлық танытудың тума өнері - «тиммоку» (жапондық үндемеу өнері) қолданылады -  адамды бас тартып ренжіткенше, дұрысы, үнсіз қалған ләзім.

Егер келісім жапонның толық ойынан шығып жатса, сіз нығыз әрі қысқа ғана "иә" деген жауапты естисіз.

Визитка

Визиткамен алмасу - жапондардың іскерлік қарым-қатынасында басты рәсімдердің бірі.

Біріншіден, визитка - бұл өз алдына шпаргалка (жапондарға өзге елдің есімдерін айту қиынға соғады).

Екіншіден, визиткада жұмыстағы құзырлы міндеті мінез-құлықты лайықты бағамдауға септігін тигізеді.

Үшіншіден, ол серіктеске көрсетілген құрмет белгісі.

Визитка бірінші кездесуде беріледі. Сыйлық секілді оны да қос қолмен бересіз және қол қолмен қабылдайсыз. Визитка ұқыпты, бағалы қағаздан жасалған болуы тиіс. Ең бастысы, ең аз дегенде екі тілде болуы шарт - жапон тілі мен ағылшын тілі.

Өзге елге барсаң - оның ғұрып, салтын ұстан. Жапон мәтелі

Дерек көз http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/16271/

+1 дауыс
Жапондардың қандай екенін киноларындағы самурайлардан-ақ байқауға болады :)

Қарап отырсаң жапондар салт-дәстүрін берік ұстанған. Олар бүкіл елден өзінің дамыған технологияларымен дараланып тұрса да атадан балаға ьжалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерінің біреуін де ұмытпаған. Мәдениеті де жоғары.
+2 дауыс
Сөздік керек болса))))

1. Ия_________ Хай.
2. Жоқ_________Ииэ.

3. Түсінемін_________Вакаримас
4. Түсінбеймін_________Вакаримасэн.
5. Рахмет_________Аригато
6. Өтінемін_________До итащимащитэ
7. Өтінемін(бір нәрсені ұсынғанда)_________До:дзо.
8. Өтінемін(басқа түрі)_________Онэгаи щимас.
9. Кешір іңіз_________Сумимасэн.
10. Қорқатын түгі де жоқ_________Дай дзёбу дэс.
11. Ал қане, бастайық!_________СА: ХАДЗИМЭМАСЕ:
12. Қайырлы таң!_________ОХАйЕ: ГОДЗАйМАС
13. Қайырлы күн!_________КОННИТИ ВА
14. Қайырлы кеш!_________КОНБАН ВА
15. Денсаулығыңыз қалай?_________ОГЭНКИ ДЭС КА
16. Рахмет, керемет_________АРИГАТО: ГЭНКИ ДЭС
17. Қалай тұрып жатсыздар?_________ИКАГА ДЭС КА
18. Кездесепегелі көп болды!_________ХИСАСИБУРИ НЭ
19. Мархабат!_________ДО: ДЗО
20. Сау бол!_________САЕ:А
21. Кездескенше!_________МАТА ОМЭ НИ
22. Кездесеміз!_________ДЗЯ: МАТА
23. Ертеңге дейін!_________МЕ: НИТИ ОМЭ НИ КАКАРИМАСЕ
24. Ертең көрісеміз!_________МАТА АСйТА
25. Кешірім сұраймын_________ГО МЭН НАСАй
26. Маған көмектесе аласыз ба?_________О НЭГАЙ ИТАСИМАС
27. Мазалағаным үшін кешіріңіз_________СУМИМАСЭН ДЭСйТА
28. Шықсам бола ма?_________ХАИТТЭМО Ий ДЭС КА
29. Үлкен рахмет!_________ДО: МО АРИГАТО: ГОДЗАйМАСйТА
30. Ештеңе жоқ_________ДО: ИТАСИМАСйТЭ
31. Бәрі жақсы!_________АРИГАТО: ГЭНКИ ДЭС
32. Құттықтаймын!_________ОМЭДЭТО:
33. Көмегіңіз үшін рахмет!_________ГОКЕРЕКУ АРИГАТО: ГОДЗАйМАС
34. Шақырғаныныз үшін рахмет!_________ГОСЕ: ТАЙ АРИГАТО: ГОДЗАйМАС
35. Барлығына ризамын!_________ИРОИРО ТО ДО: МО АРИГАТО:
36. Керемет сыйлығыңыз үшін рахмет!_________КЭККО НА: ПУРЭДЗЭНТО АРИГАТО: ГОДЗАйМАС
37. Танысқаныма қуаныштымын!_________ХАДЗИМЭМАСйТЭ ДО: ДЗО ЕРОСИКУ
38. Менің атым _________ВАТАСИ НО НАМАЭ ВА ДЭС
39. Атыңыз бен тегіңізді жазып беріңіз_________АНАТА НО НАМАЭ ТО МЕ:ДЗИ О КАйТЭ КУДАСАЙ
40. Менің визиткам_________ВАТАСИ НО МЭЙСИ О ДО:ДЗО
41. Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын_________ОМЭ НИ КАКАРЭТЭ ТАЙХЭН УРЭСИЙ ДЭС
42. Танысайық!_________ДЭВА СЕ:КАЙСИМАС
43. Мырза, танысып қойыңыз _________САН О СЕ:КАйСИМАС
44. Мен сізді таныстырайын _________САН О СЕ: КАйСйТАй НОДЭС
45. Рұқсат болса мен сізді таныстырайын _________САН О ГЕСЕ:КАй ИТАСИМАС
46. Сіз ағылшын тілін білесіз бе?_________Эйго о ханасэмас-ка?
47. Мен жапон тілінде сөйлемеймін_________Нигонго ва ханасэ-масэн.
48. Өтініш, асықпай сөйлеңізші_________Мо: скощи юккуриханащитэ
кудасай.
49. Сау саламат кездескенше_________Саё:нара.
50. Қайырлы түн_________О ясуми насай.
51. Абай бол_________О ки о цукэтэ.
52. Сізге де соны тілеймін_________Кочира косо.
53. Мұны қалай қолданады?_________Коре о дояттэ цукаимаска?
54. Бұл не?_________Коре ва нандэска?
55. Әжетхана қайда?_________О тойрэ ва докодэска?
56. ... қайдан тапсам болады?_________...ва доко дэска?
57. Сағат қанша болды?_________Нандзи дэска?
58. Мен_________ватащи
59. Сен (сіз)_________аната
60. Ол_________карз
62. Оған__________канодзё
63. Қыз_________дзёсэй
64. Жігіт_________дансэй
65. Әйелім_________окусан
66. Күйеуім_________щюджин
67. Қызым_________мусумэ
68. Балам_________кодомо
69. Ұлым_________мусуко
көздері қандай қысық фуу они такие страшние
я тебя люблю деген қалай болады
愛してるよ    Айситэру ё!
好きだ    СуКИ ДА
好きよ    СуКИ Ё!
大好き    Дайски (очень люблю) осылай болады))
http://kanjiname.ru/yaponskii-slovar/6-frazy-po-yapon және мына жерден қарасаңыз болады, бірақ орысша
тем более жақсы,қазақшаны онша білмейтін едім
"СуКИ Ё" деп орысқа айтсаң міндетті түрде төбелес болады, ал жапонға айтсаң махаббат болады екен ғой ә? :))
жапондықтардың тілі орыстарқа күлкілі,айтпайақ қояйын.Кейбір сөздері орыстарға ұятсыз сөз болып келеді
+1 дауыс
Википедиядан алуға болады жапон туралы мәліметті
0 дауыс
Випипедия деген негізі жақсы сайт, ішінен іздесең табылады
0 дауыс
http://blogtime.kz/japon_tili/zhapon-tilinin-zhazu-zhuyesi.html
...