+1 дауыс
704 көрілді
Президент ауысса үлкен өзгеріс болама???Осы барлығы Назарбаев ауысса бізді қытайларға сатып жібереді деген сөздер көбейіп кетті!!!

14 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
президент ауысса бәрі өзгереді үкімет құрамынан бастап өз жақтастарынан жасақталады, оның істеген жасаған ісіне қарай сыртқы көз қарас салыстырмалы күйге өтеді ал бұл бізде жоқ себебі  Назарбаев тұңғыш президент болғандықтан оның алдында салыстыратын ешкім жоқ. Қарапайым мектеп директоры ауысса да өзгеріс болады ал мемлекетте болмайды десе сену қиын. Әйтеуір бір білетінім Нұр деген сөз азаяды.
+3 дауыс
Өзгеріс болуы мүмкін, әңгіме келесі президент кім болатынында. Қазіргі биліктің ізбасары болса - ештеңе өзгермейді. Ал, халқына жаны ашитын, жүрегі ұлтым деп соғатын президент келсе - өзгеріс болады. Қытайларға сатып жібереді деу бос сөз, өсек қана. Мал емессің ғой, жетектеп апарып, сатып жіберетін.
Не болса да жақсыға қарай өзгерсінші
+1 дауыс
Менің ойымша ештеңе өзгермейді, бәрі де халқымызға байланысты ғой! Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді)))
+2 дауыс
Назарбаевтан кейінгі призедентке байланысты ғой. Егер ол да дәл Біздің Назарбаев сияқты ұстаным ұстаса ешқандай өзгеріс бола қоймас.
+2 дауыс
Ең бастысы: Еліміз аман, тыныш болсын деп тілейік. Ал Президиент ауысса үлкен өзгеріс болмайды. Болған күннің өзінде де баяғыдай болып қала береміз. Өйткені бәрі Назарбаев бастағандай болады.
+2 дауыс
Президент ауысса міндетті түрде өзгеріс болады!
–3 дауыс
Даму немесе тоқырау болады. йцукенгшщзхъфывапролджэ\ячсмитьбю№
+1 дауыс
Әрине өзгеріс болары анық. Өйткені жаңа келген адам озінің жаңалығымен түрлі заңдар шығаруы мүмкін болмаса басқа бірдене ойлап табары анық. Барлығы уақыттың еншісіндегой.........
Әзірше өз Президентімізбен мақтанайық. Халықтың көбі алып қашпа сөздерге сеніп жүр, ойлап қараңыздаршы Тәуелсіз елде тып тыныш өмір сүргеннен артық не керек бізге? Басымыз аман болса талай белестерді бағындырарымыз анық, сондықтан барды қадірлейік қолда бардааааааа
0 дауыс
Үлкен өзгеріс болады. Ол президент аяғынан тік тұрып алам дегенше халықтың жағдайын жасап, демократияға бет бұрадыі деп ойлаймын...
–1 дауыс
арине УЛКЕЕн УЛКЕННЕН ДЕ УЛКЕН ОЗГЕРИС БОЛАДЫ,БИРАК МЕН ПРЕЗИДЕНТИМИЗДИН АУЫСКАНЫН КАЛАМАС ЕДИМ,.СЕБЕБИ ЖАНА ТУЛГА КЕЛСЕ ЖАНА САЯСАТ ОРНАТАДЫ ЛЗИНИН КАЛАУЫН ЖАСАЙДЫ,ОГАН УЙРЕНУ УШИН ТАГЫ 20 ЖЫЛ ЕМЕС ОДАН ДА КОП КЕТЕР,ЖАНЕ ДЕ Назарбаев секилди ешким барлык алем мемлекеттерин ауыз бирликтеынтымакты бириктире алмас.НАзарбаев 1000 жылда бир туатын ерекше тулга!!!
0 дауыс
Қой ондай күннен алла сақтасын Жамандық шақыр  ма?
0 дауыс
Менiн ойымша озгерiс болмайды. Болган жагдайда Назарбаев агамыз сиякты бiр адамы, iзбасары керек ау дим.)))))
+1 дауыс
Әрине үлкен өзгерістер болады. Ең бастысы халыққа жаны ашитын бір басшы керек. Халық Назарбаевтың    өтірік сөздерінен, аңыз әңгімелерінен шаршады. Елде Назарбаевтың кезеңінде халық үшін жасалған халыққа пайда беретін ешқандай жобаны көрген жоқпыз. Жұмыссыздық мәселесі, үй мәселесі осының бәрі халықтың қол жетпейтін бір  белесі болып барады. Бірақ Назарбаев биліктен кетсе, өз орнына ізбасар тағайындап кетері анық. Әйтпесе жаңа басшы Назарбаевтың былық-шылықтарын әшкере қылары анық. Хсони Мубарак сияқты темір торға тоғытуыда ғажап емес. Елді басқара алмайтын қарны қампиғандардан шаршадық.  Мына Қазаққа Шаханов керек.
0 дауыс
әрине өзгеріс болатын шығар.әркім өз жаңалығын ала келеді.Өз саясатын ұстанады.(Назарбаевтың шәкірті болмаса.)
...