0 дауыс
825 көрілді
Сәлеметсіздер ме !? Жас маманмын! Жарысқа қатысқалы жатыр едім. Математика пәнінен понарамалық (презентация және жоспары болса тіптен жақсы) сабақ жіберіңіздерші. Алдын ала Рахметімді айтамын!

1 жауап

0 дауыс
Ақтөбеоблысы Алға қаласы
№1 Алға мектеп-бақшаның тәрбиешісі
Оспанова Бекзат Сериковна

Панорамалық сабақ

Арайланып таң атты
Алтын сәуле тартты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, балар,
Қайырлы таң, қонақтар!

Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып
Білімді адам боламыз.

Оқу іс- әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Тобы: Дарын ІІ кіші топ
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Қоршаған орта, Тіл дамыту, Сурет салу, Жапсыру
Тақырыбы: Менің Қазақстаным
Мақсаты:
Білімділік: мемлекетіміз жайлы білімдерін кеңейту. Қоршаған ортаны тани білу дағдыларын кеңейту.
Тәрбиелік: өз туған еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікғ патриоттық сезімдерін ұялата отырып адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: сөйлеу қабілетін, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.
Сөздік жұмысы: Отан – Родина, Мемлекет-Республика, қала-город
Көрнекілік: мемлекеттік рәміздер, елбасы суреті, орталықтар тапсырмалары
Оқу іс-әрекетінің өткізілуі:
Ұйымдастыру кезеңі: (балалар шеңбер бойымен отырады, кейін қол ұстасып тұрады)
Сәлемдесу
Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар, Қайырлы таң, қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар, алақанымызды бір-біріне үйкелейік, не сеземіз?
Балалар: алақанымыз ып-ыссы болып кетті.
Тәрбиеші: Енді балалар, алақанымыздың жылулығын бір-бірімізге берейік. Ол үшін қолымызды ұстап, жақсы тілектер айтайық.
Еліміз аман болсын! Аспан ашық болсын!
Береке, бірлік болсын! Ақылды, тәртіпті болайық!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде танысатын тақырыбымыз «Әлеуметтік орта» білім беру саласы бойынша «Менің Қазақстаным» деп аталады. Қане, енді бір-бірімізге сәттілік тілейміз.
Бірге: Бейсенбі сәтті күн болсын! Күніміз тек жақсы болсын!
Жақсы білім алайық, Үлкендерді тыңдайық!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане, бәріміз қолымызды жүрегіміздің тұсына ұстап, әнұранды айтайық. Енді жайменен орнымызға отырайық..
Қане, кім айтады біздер қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
Астана қаласы Біздің Елбасымыз кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? Елтаңба, Әнұран, Ту
Балалар біздер қай қалада тұрамыз? Алға қаласында
Жарайсыңдар, балалар. Енді кім қай көшеде тұрады екен білеміз бе?
(Әр кім өзінің тұратын көшесін айтып шығады) Қане, осы топта өздеріңе көрші тұратын балалар бар ма?
(Мысалы Динаның жауабы: менің көршім Дана)
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Балаларды көру арқылы салыстыра білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Суретте берілген заттарды салыстыру, рет-ретімен орналастыру. Ауылда кездесетін заттарды бір топқа, қалада кездесетін заттарды бір топқа топтастыру.
Ауылда Қалада
Трактор Самолет
Сиыр Поезд
Киіз үй Көп қабатты үй
Ғажайып сәт:
Біреу есікті қағады. Хат тасушы кіріп келеді. Сәлемдеседі. №1 Алға мектеп – бақшасының «ДАРЫН» тобына Ақ ордадан арнайы хат жіберілгенін айтады. Хатты тапсырып кетеді.

http://sabaqtar.kz/bakcha/650-panoramaly-saba.html

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

https://www.google.ru/search?newwindow=1&q=%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80&oq=%D0%BF%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80&gs_l=serp.3...134456.141110.0.141657.28.21.6.0.0.2.326.2770.0j13j2j1.16.0.msedr...0...1c.1.60.serp..27.1.268.y3EMftjj17U
...