+2 дауыс
567 көрілді

Жаңадан туылған балаға есім беру, атасы 25 (жиырма бес) әріптен тұратын есім қойды, отбасы қарсы болған жоқ, олар керісінше қатты қуанды... Бірақ бір адам қарсы болды, ол ТУУ туралы куәлікті тіркеуші адам, біз 15 (он бес) әріптен асқан адамның атын тіркей алмаймыз дейді...

Ол қаншалықты заңды, Ондай заң Қазақстанда бар ма?...

Мысал келтіре кетейін осыдан екі, үш жыл бұрын теледидардан көрсетті 99 (тоқсан тоғыз) әріптен тұратын адамның есімін бар екенін... Қай мемлекетте екені есіме түспей тұр, мүмкін Үндістан нақты есімде жоқ...

Ол қандай есім екенін бізге айта аласыз ба?

6 жауап

+1 дауыс
Ондай ұзын есімді балаға қоюдың қажеті шамалы. Бәрібір, өскенде оны Сико, Мико деген сияқты атпен атап кетеді. Сондықтан, адам есімінің қысқа және әдемі болғаны жақсы.
–1 дауыс
Сондықтан балаға нақты, қысқа, мағыналы ат қойылуы керек.
+1 дауыс
Баланың жағдайын ойлап қойсаңдарш 25 әріпті не қылады ол?
+1 дауыс

 

Неге болмасқа. Бұл жігіттің есімі тура 20 әріптен тұрады екен. 

CCСР кезінде туылған.
КСРО кезінде туылғанымен қазіргі жеке басты куәландыратын құжаттың есім жазатын орнына 20-дан астам әріптер сыйып тұр емес пе?
Сыйып тұрған болса.. бұл болады деген сөз емес, мұны сұрақ қоюшының сөздерінен ұғуға болады. "15 әріптен аспауы тиіс"
0 дауыс
Түсінемін , баланың ата-анасы  үлкен қарияның көңілін де қалдырғысы келмейтін шығар. Әке-шешесі өздері де ұзын есімді қалайтын шығар. Дегенмен өз пікірімді айта кетейін...  25 әріптен тұратын аттан   басқа есім құрып қалды ма? Баланың болашағын ойласаңыздаршы.   Атың кім дегенде шұбыртып тұрмайды ғой.  Тест жауаптары белгілейтін  парақшаларды  толтырғанда қаншама уақыт кетеді , түрлі бланктарды толтырғанда да қиналады.  Жалпы ұзын есім біршама ыңғайсыздық тудырады. Араласып тұрғаным дұрыс емес те шығар...Сонда да ... Қысқа, әдемі, мағыналы ,  заманауи есімдер толып жатыр. Солардың біреуін неге таңдамасқа? (:
0 дауыс
Қарияға өтірік жеке куәлік көрсетіп қойып жүре берсе болады емес пе)
...