+1 дауыс
509 көрілді
Кәмелетке толмаған жас өспірім зейнетақы қорының келісім-шартына отыра алама?

1 жауап

+1 дауыс

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматтар да отыра алады. Мұндай жағдайда кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет жасайтын заңды өкіл төмендегі құжаттарды тапсырады: 

14 жасқа дейін:

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа); 

2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 

3) ата-анасы жоқ болса: қорғаншылық тағайындалғандығын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғандығы туралы анықтама/қорғаншы куәлігі (егер 10.04.2012ж. дейін берілген болса, жарамды)/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт. 

Мұндайда шартқа заңды өкіл қол қояды. 

14 жастан 18 жасқа дейін: 

Кәмелетке толмаған тұлға шартқа заңды өкіл жазбаша келісім берген соң, өз бетімен отыра алады және төмендегі құжаттарды тапсырады: 

1) 14 жастан бастап 16 жасқа дейін – туу туралы куәлік (түпнұсқа); 

2) 16 жастан бастап 18 жасқа дейін – жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);   

3) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа); 

4) ата-анасы жоқ болса: қамқоршылық тағайындалғандығын растайтын құжат (түпнұсқа) – қамқоршы тағайындалғандығы туралы анықтама/қамқоршы куәлігі (егер 10.04.2012ж. дейін берілген болса, жарамды)/баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт. 

Мұндайда шартқа салымшы (алушы) өз қолын қояды, ол шартқа заңды өкілдің фамилиясы мен аты-жөні ашып жазылған қолының қойылуымен расталады.  

2007 жылдың тамызына дейін туылған кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінде ЖСН болмаған жағдайда, 16 жасқа дейінгі тұлғаларға туу туралы куәлігіне қосымша ретінде ЖСН тіркелгендігі туралы куәліктің түпнұсқасын немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатын тапсыру керек. #ЕЗЖ #БЖЗҚ

...