+6 дауыс
1.2k көрілді

Сұрақ-Жауап сайтында блог жүргізу

блог ашу, блог, блог жазу

Құрметті сайт қолданушылары көпшіліктен қалмай біз сайтымызда Блог жүргізу жүйесін іске қостық. Арнайы көрсетілген санаттар бойынша блог жазсаңыздар болады. Қазіргі таңда жоспарда біз тек Сұрақ-Жауап сайты болып ғана шектемей, алға қарай даму жолдарын қарастырып жатырмыз. Дамуымыздың бір жолы ретінде - Блогтұғыр жүйесін іске қосу болатын. Өзге де сервистік мүмкіншіліктерді қосу ойымызда бар, бірақ бәрі бірденен емес, ақырындап жүзеге асатын болады.

Қазіргі уақытта https://surak.baribar.kz/blogs адресі бойынша өтіп сынап көрсеңіздер болады. Теникалық тұрғыда аздап шикілеу, бірақ қолдануға болады. Қазіргі кезде жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Ақырында өзгертіле береді. Ол сұрақ бетінде, соңғы жазылған жазбалар виджеті болуы мүмкін т.б. дегендей.

Біздің сайтымызда блог жүргізсеңіз сізге біз сайтта тіркелген 41 000 қолданушы мен күнделікті сайтқа тұрақты кіріп тұратын 30-40 мың оқырманды ұсына аламыз.

Алдағы уақытта Блогқа қатысты жеке конкурстар болады. Спонсорлар тауып, универлерде болашақ маман студенттерді осы блог жүйесіне тартып, сапалы жазбаларды ұсынуға тырысамыз. Біздің артықшылығымыз барлығы үшін Бір аккаунт болуында. Сұрақ-Жауап сайтында тіркелу арқылы сіз сайттың барлық мүмкіншілігін қолдана аласыз.

Құрметті сайт қолданушылары Сұрақ-Жауап сайты сіздің қызықты, пайдалы, танымдық, көпшілікте ой тастайтын жазбаларыңызды асыға күтуде...

Блог жазамын десеңіз, мархабат! Сайтымыздың барлық мүмкіншілігін бір аккаунт арқылы қолданыңыз. Сайт қолданушылары жаңа жылда жағымды жаңалықтар, пайдалы мүмкіншіліктер, қызықты конкурстар арқылы қуантқымыз келеді.

Блогтың ішінде тағы да қандай Санаттар болғанын қалайсыз? Егер қажет деп тапсам, қосып қоямын! Рахмет!

Сұрақ-Жауап сайты
https://surak.baribar.kz

Блогқа бастан кешкен кейбір оқиғаларды қызықты қылып жазса балады ма?Бірақ біреудің өмірі біріне қызықсыз болар деп те ойлаймын

20 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Блог жүргізу жазушылық шығармашылықты, білім көкжиегін дамытуға таптырмайтын құрал. Мысалы, Твиттер сайты, өзіміздің ЮВижн сайты жеке адамдардың блогтарынан құралған. Мен бастауыш және орташа деңгейдегі компьютер қолданушыларымен компьютер мен Интернетті тиімді пайдалану туралы көрген-білгендерімді жазсам деген ойым бар.
0 дауыс
Жақсы болды, Админ осы блог жазғаннан не пайда?
+1 дауыс
Кермет жақсы болды
+1 дауыс
Блог-Фид жарайтын сияқты ғо!
+1 дауыс
Әдебиет санаты керек)
0 дауыс
Шима-ға птичка қоймаса не болады, қойса не болады, айырмашылығы қандай? Жалпы Блогқа не жазамыз? Мақсаты қандай? Неге сүйенiп жазуымыз қажет? Әйтеуiр бiрдеңенi жаза беремiз ба түсiнбедiм? Ашылдыма ашылды әйтеуiр болды...
Жақсы сұрақтар.
Шимайға птичка қойсаң сайтта жарияланбайды. Арнайы орында сақтаулы болдаы. Кейін жазбаны өңдеп, толықтырып жариялауға болады.
"Жалпы Блогқа не жазамыз? Мақсаты қандай? Неге сүйенiп жазуымыз қажет? Әйтеуiр бiрдеңенi жаза беремiз ба түсiнбедiм?" осы сұрағыңа ертең толықтырып жауап берейін. Жауап бергенге сайттың ережесіне блогқа қатысты ереже қосылады. Сонда осы сұрағыңа толық жауап аласың деген ойдамын.
Блог жазу менің түсінігімде өз ойыңды айту, өзіңді толағандырып жүрген мәселелерді, немесе өзің жайлы, жәй ғана арман-қиялдарыңды, шығармашылығыңды жұртқа жетізу. Өмірдегі, білімдегі тәжірибиелеріңмен, қызықты оқиғалармен бөлісу. Сенен ИТ саласында жақсы жазбалар күтеміз (мысалы арнайы бағдарламалар, оларды қолдану жайында жазып тұрсаң). Қысқасы не жазсаңда жұрт қызығып оқитын, дәмді жазбалар болуы керек!

Блог жазудағы админнің басты мақсаты сайтты қызықтырақ қылу үшін деп түсінемін
Ия ағасы. Басты мақсат сайтты қызықтырақ қылып, өзге де мүмкіншіліктерді ұсыну. Кейде ой бөлісер жазбаларың болады, бірақ оны сұрақ ретінде қоя алмайсың. Осындайда блог жүйесі болса екен деп ойлайтын едім.
0 дауыс
Блог жазғанға бал, дауыс берілмейді ғо.?
+1 дауыс

Күшті, жақсы болды ғой!Осылай дами берсін сайтымыз!

+1 дауыс
Құрметті Админ! Блог жазу жақсы әрине. Құттықтаймын. Негізі мамандық деген санат қосуыңызға болады екен. Себебі әлемде 70 мыңға жуық мамандық бар. Мамандықтың сырларымен бөлісетін мамандық санатын қоссаңыз.
Қосып қойдым.
Өтініш айтайын деген едім. Мейлінше массагет сайтының ақпараттарын көшіріп қоймасаң деген ниет. Мейлі аздаған контент болса да, уникалды болғанын қалайтын едім. Ал осы уақытқа дейінгі салынған жазбалар, блогты тексеру үшін мысалдар еді.
Құрметті Админ! Мен блог жазғанда ойымнан жазуым тиіспе сонда?
Блог жазғанда сен өз ойыңды жазасың. Мейлі ол өлең, сенің қоғамға деген көзқарасың болуы мүмкін.

Блог — ол ағылшынның «web log» яғни «желі журналы» сөзінен пайда болған.
Блог — онлайн жүргізілетін автордың жеке көзқарасымен жазылған ой, шағын әңгіме не күнделік.
Блог сөзі — ғаламтор беттерінде нақты бір тақырыптарда не белгілі категорияда информация тарататын түрлі әлеуметтік желілерде және сайттарда қолданылып жүр.
Қарапайым сөздермен, БЛОГ дегеніміз:
• хронологиялық тәртіппен жазылып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
• құрамы: қысқаша жазба, түсініктеме, мағлұматтар, видео/суреттер, сілтемелер, комменттер және т.б. тұратын жазба;
• қоғамда, айналаңызда болып жатқан кез келген жәйтқа жеткізген ойыңыздың, сезіміңіздің формасы;
• не істегеніңіз, не істемегеніңіз және бірдеңе істеп жатқандағы қалауыңыз;
• журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі — блоггингттің негізгі тірегі, өнімі
БЛОГГЕР ДЕГЕН КІМ?
Блог - abzalsariyev: Блог деген не? Блоггер деген кім?• блог жүргізетін адам;
• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ғаламтордағы миллиардтың назарына ұсынатын жанкешті (десе де болатындай);
• қаламына "өзі қожа, өзі би", ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілші», «пережазушы»;
• нақты түр-сипаты (жасы, жынысы, бойының үзындығы. телефонының маркасы, шашының түсі, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығы) анықталмаған, яғни, алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі. Әдетте, Ол, бұл «атауды» еріксіз иеленіп жатады;
• болған/болатын жайттарға өзінің мазмұнды, жеке объективті пікірін білдіре алатын, дара тіл таба білу өнері бар, қоғамға көзқарасы бөлектеу тұлға.
Пах шіркін, не деген сөз Құрметті админ) Әзіл ғой!)
+1 дауыс
Видео қалай салады. Мен телефондағы бір программа жайлы жазайын деген едім. Ол туралы бірі білсе бірі білмейді. Бəрін хабардар еткім келген еді. Қалай қолдану керектігін видеоға түсіріп салайын десем ондай мүмкіндік жоқ сияқты. Негізі блогқа осындай тақырыпта салса бола ма?
Видеоны YouTube сайтына жүктеп, сілтемесін жазбаның қалаған жеріне қоя салсаң автоматты түрде көрсетіледі.
Блогта жазба жазу, осы сайтта сұрақ-жауап жазғанмен айырмашылығы жоқ. Мәтін жазу, сурет жүктеу, видео қосуда айырмашылық жоқ.
+1 дауыс
Ух, қосылыпты. Бірақ, әзірге жазар ештеңе жоқ .)
Көшіретін сайт берейінбе))
Басты қатырма!
Сөздерімді рұқсатсыз қолданып жүргеніңне?
хмм!                                                               .
Негізі ол сөз Акодан шыққан сияқты еді?...
Енді бұл сөзді сайтта қолданбаймын 14/01/2015
0 дауыс
Жақсы болды ғой) Блогер болмасам да өз ойымды жазып тұрамын) Рахмет сізге, Ереке! СЖ сайты тоқтамай дами берсін!
0 дауыс
Амиго, қанша балл беріледі? O_o
Өкінішке орай балл берілмейді. :) Жай жеке өзіңнің блог жазу парақшасы болады. Аккаунтыңа кірсең Блог-жазбаларында барлық жазған жазбалары сақталады.
0 дауыс
Блогтарға да дауыс беру мүмкіндігі болғанда қызық болар ма еді?
Қызық болмас еді.
+1 дауыс
Блог жазу арқылы әр салада өзімізді толғандырып жүрген мәселелерді көтереміз және оны көпшілікпен пікірлесу арқылы өз ойымызды білдіре аламыз.
Өмірлік тәжрибесі көп ағасы ортамызға қош келдіңіз. Біз секілді іні-қарындастарыңызға айтар ақылыңыз көп деп білемін.
Рахмет.
...