Сұрақ-Жауап сайтында блог жүргізу

+6 дауыс
1.2k қаралым

Сұрақ-Жауап сайтында блог жүргізу

блог ашу, блог, блог жазу

Құрметті сайт қолданушылары көпшіліктен қалмай біз сайтымызда Блог жүргізу жүйесін іске қостық. Арнайы көрсетілген санаттар бойынша блог жазсаңыздар болады. Қазіргі таңда жоспарда біз тек Сұрақ-Жауап сайты болып ғана шектемей, алға қарай даму жолдарын қарастырып жатырмыз. Дамуымыздың бір жолы ретінде - Блогтұғыр жүйесін іске қосу болатын. Өзге де сервистік мүмкіншіліктерді қосу ойымызда бар, бірақ бәрі бірденен емес, ақырындап жүзеге асатын болады.

Қазіргі уақытта https://surak.baribar.kz/blogs адресі бойынша өтіп сынап көрсеңіздер болады. Теникалық тұрғыда аздап шикілеу, бірақ қолдануға болады. Қазіргі кезде жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Ақырында өзгертіле береді. Ол сұрақ бетінде, соңғы жазылған жазбалар виджеті болуы мүмкін т.б. дегендей.

Біздің сайтымызда блог жүргізсеңіз сізге біз сайтта тіркелген 41 000 қолданушы мен күнделікті сайтқа тұрақты кіріп тұратын 30-40 мың оқырманды ұсына аламыз.

Алдағы уақытта Блогқа қатысты жеке конкурстар болады. Спонсорлар тауып, универлерде болашақ маман студенттерді осы блог жүйесіне тартып, сапалы жазбаларды ұсынуға тырысамыз. Біздің артықшылығымыз барлығы үшін Бір аккаунт болуында. Сұрақ-Жауап сайтында тіркелу арқылы сіз сайттың барлық мүмкіншілігін қолдана аласыз.

Құрметті сайт қолданушылары Сұрақ-Жауап сайты сіздің қызықты, пайдалы, танымдық, көпшілікте ой тастайтын жазбаларыңызды асыға күтуде...

Блог жазамын десеңіз, мархабат! Сайтымыздың барлық мүмкіншілігін бір аккаунт арқылы қолданыңыз. Сайт қолданушылары жаңа жылда жағымды жаңалықтар, пайдалы мүмкіншіліктер, қызықты конкурстар арқылы қуантқымыз келеді.

Блогтың ішінде тағы да қандай Санаттар болғанын қалайсыз? Егер қажет деп тапсам, қосып қоямын! Рахмет!

Сұрақ-Жауап сайты
https://surak.baribar.kz

• Санаты: Жалпы сұрақ
Блогқа бастан кешкен кейбір оқиғаларды қызықты қылып жазса балады ма?Бірақ біреудің өмірі біріне қызықсыз болар деп те ойлаймын

20 жауап

0 дауыс
Блогка силтеме дурыс емес
Дұрыстап қойдым.
+2 дауыс

Якорь Сіздерде істеп тұр ма? Мысалы мына жоғарыдағы менің комментіме Админның жауабы хабарлама болып келді, соның сілтемесіндегі якорь істемей тұр, мүмкін комментердің саны 2 парақ боп кеткеннен соң шығар

Блогта Интернет туралы, Компьютер туралы, IT Information деген санаттар бар екен - осы соңғысында Informationнан кейін Technology деген сөз жетіспейді немесе жәй IT туралы деп жазу дұрыс деп ойлаймын. Былай Information Technology Information деген перл болайын деп тұр.

Жоғары мендегі хабарламада сұрақтың ?show= сілтемесі қойылмайды екен. Мен де қазір байқадым. Сондықтан Якорь сілтеме дұрыс жібермей жатыр. Алдағы уақытта бұл қателікті реттеп қоямыз.
Рахмет
0 дауыс
Сайтта модерация бар ма? Менің комментім бірден жарияланбай жатыр
Сайтта белгілі бір балл-ға жетпегенше сұрақ, жауап, пікір модерациядан өтеді. Содан кейін ақпараттар модерациясыз толық жарияланады.
0 дауыс
Рахмет, Admin! Тыңдар құлақ болса, өмірден алған тәжірибелерімізді жас буынмен бөлісе отырайық деген ой ғой.
0 дауыс
Адам анатомиясы деген санат керек
127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы