0 дауыс
6.1k көрілді
Жапония, корея, италия, қытай класикалық музыка туралы мәлімет керек?

2 жауап

+1 дауыс
Қытай музыкалық мәдениеті.

Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифлогиялық сенімдеоі. Аспаптары. Қытайдың дәстүрлі оркестрі.

Музыкалық системаның негіздері. Люй – люй музыкалық системасы.

Қытай музыкалық театры. Музыкалық эстетика.

Діни – мифологиялық доктриналар. Конфуцийлік, даосизм, буддизм( чань – буддизм). Табиғат пен музыканың космологиялық концепциялары. Музыканың адам өміріндегі маңызы. Музыка мен өнердің барлық түрлерін белгілейтін юэ – ның жалпылама түсінігі. Ежелгі музыкалық аспаптар: литофон, қола коңырау, барабан және т. б.

Халық шығармашылығының ескерткіші «Шицзин» («Книга песен» б. з. д. 5 ғ. ). Бірдауысты музыканың кең таралуы. Конфуцийлік діннің ғұрыптық музыканың құрылуына ықпал етуі. Хань дәуірі ( б. з. д. 206ж – б. д. 581ж.).Музыкалық өнердің өркендеуі. Ресми церемониялар музыкасы – я – юэ, ақсүйектер көңілденетін музыка – су – юэ. Көп құрамды оркестрлер дәстүрінің дамуы. Аспаптарды 8 топқа бөлу.

Суй мен Тан династияларының кезеңі (581 – 907). Қытай музыкасының гүлденуі. Кореяда, Вьетнамда, Жапонияда таралған тан стилі. Сарай музыкасының жанрлық түрлері: ли – пучи – ашық ауадағы музыка; цо – пучи – ғимаратта орындау (банкет музыкасы, аспаптық және әскери). Оркестр құрамының 1500 қатысушаға дейін кеңейту. «Сарай маңы мектебі», «Алмұрт бағы» - білім беру орындарының алғашқылары. Ішекті және үрмелі аспаптарда тұрмыстық камералық музыка орындау.

13 – 12 ғғ. Монастрлар мен қалалардың белсенді музыкалық өмірлері. Аспаптық және вокалдық стильдер көпшілігі. Янь гэ – халық билері мен әндері, диалог пьесалар, дәстүрлі көріністер мен әндер музыка сүйемелдеуімен, тибеттік нанма – речитативті би.

Ән сказдарының түрлері. Олардың классификасиясы. Оңтүстік және солтүстік дәстүрлердің қалыптасуы.

Аспаптар байлығы: 100 түрі. Ішекті – шертпелі цинь цитралары, чжэнь, сэ гуслиі, пипа лютнялары, юэцинь; ыспалы: эрху, баньху, сыху, хуцинь; үрмелі : ұзын сяо флейтасы, пайсяо свирелі және т. б.

Соқпалы - әртүрлі материалдан барабандар, қоңыраулар. «Цинь» династиясы кезеңінде музыкалық драманың пайда болуы.

Ән шығармашылығының жанрлары: еңбек, ғұрып, қала кедейлерінің, қайықшылар, зергерлердің әндері. Әндер мазмұны. Табиғат суреттерін сәулелендіру («Весна на озере», «Летающие куропатки»); қоршаған ортаның құбылыстарын («Песня о слепом колдуне»). Қытай мелодикасчының және ритмикасының сипаты. Саз системаларының құрылуы. Пентатонды ладтың бес түрі. Хроматикалық дыбыс тізбек. «Люй – люй» системасы.

Орындаушылық мінезі. Регистрден регистрға тез көшу. Метр – ритмнің зор маңызы: бос синкопалы ритм. Поэтикалық тексттің және музыканың бірлігі. әндердің аспаптық сүйемелінің түрлілігі. Аккомпанемент шу фоны ретінле, вокалды партияны унисонмен қайталау, және аспапты ән ортасында «заставка» не «аяқтау» ретінде қолдану.

Музыканың қоғамдық маңызы жайлы ілім. (Дуань Ан – цзе, 5 ғ. « записи о музыке» Қытай класикалық музыкасының Корея мен Жапонияда әсерлі таралуы. Сун (10 – 13 ғғ.) кезеңіндегі эстетикалық принциптер, музыка теориясы (темперация системасы) және вокалды формалар ( чжунгундяо көп бөлімді сказ әні) ; музыкалық драманың арықарай дамуы.

Музыкалық материал: видео материал көру: «Провинция Китая»; музыка тыңдау : Қытай дәстүрлі музыкасы ( қытай ұлттық аспаптарында орындалған, хуцинь, цинь, пиба т. б., дәстүрлі асапаптық музыка.).
0 дауыс
керек болса google.com көмекке!
...