+1 дауыс
2.7k көрілді
Неге елдер бір-бірімен сауда –саттық қатынастар жасайды?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез келген мемлекет басқа мемлекеттерге экономикалық жағынан тәуелді. Бірақ, саясатта бұны экономикалық достық қарым-қатынас деп атайды. Әр елде өзінде барды сыртқа сатады (экспорт) және өзіне керектіні сырттан сатып алады (импорт).
0 дауыс
Экономикасын дамыту ушин.  жауап унадыма
+1 дауыс
жасамаса болмайды ғой, біз оларға береміз, олардан аламыз
+1 дауыс

Елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-каржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.

сілтеме

+2 дауыс
ЕЛде жоқ тауарды сол елден алады ! және өз елінен сол елге қажет тауарымен алмасады!
...