Заң | 766 қаралды
766 қаралды
Соттылық қанша уақыттан кейін жойылады? Сотталған

5 жауап

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 77-бабында соттылықты жоқ деп тану мәселесі жан-жақты көрсетілген. Ретімен айтар болсақ, соның ішінде:

А) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде – сынақ мерзімі өтуі бойынша;
Б) әскери қызмет бойынша шектеу немесе абақтыда ұстау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде – іс жүзінде жазаны өтеу бойынша;
В) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін бір жыл өткен соң;
Г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен соң үш жыл өткен соң;
Д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін алты жыл өткен соң;
Е) аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.

Сіздің ұлыңыздың жағдайында, егер осы баптағы нормалар бұзылғандығы анықталса, жергілікті жердегі прокурорға шағым жазу немесе сотқа жүгіну арқылы өзінің құқығын қорғауына болады.

Жақсы Жауап
Ешкашан жойылмайды. Ар адам оз жазасын тартуга тиисти
Белгісіз
Жасаған қылмысына байланысты! Сотталған азаматтың мерзімі екіге бөлінеді  уақытша және мәңгілік!
Қылмыскер өз жазасын өтеп, мемлекет алдындағы борышынан құтылғаннан кейін қоғамның толыққанды мүшесі болып есептеледі.
Ешқашан жойылмайды. Елімізде қылмыс тоқтамайды неге, оған жастарды итермелейтін өзіміз. Себебі,қоғам үшін сотталған адам адам қатарынан шығады.Неге өйткені сотталып келген адамды

1.еш жер жұмысқа алмайды/соттылық туралы анықтама сұрайды/

2.Қоғам сенімсіздік танытады

3.Оның жағдайы ешкімді қызықтырмайды

сотталған аданың қандай жағдайда сотиталғаны ешкімді қызықтырмайды.Оны айтатыным сотталғандадың 40-50 пайызы жазықсыз сотталғандар жаламен/подстава/ небір жас қыршындар 20-25-9-30 аралығындағылар ,мемлекеттік қызметкер деген щықты.Қоғамның өзі қылмыскерлер санын көбейтіп отыр. Өйткені сотталған адамды ешкім жұмысқа алмайды , көбісі жастар олар қалай күн көреді ұрламаса , тонамаса бала шағасын асырау керек. Міне қоғам өзі қылмысқа итермелеп отырған жоқпа. Бұл менің жеке пікірім.  Егер қоғам ақ қарасын шешішп, анықтап сеніммен қарап 1-2 ай байқаудан өткізіп жұмысқа алса оларда жұмыс жасап күнін көріп болашағына сеніммен қарайтын еді. Олар келешектен, өмірден  үмітін ұзіп, түңіліп  шығады.
118,356 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,551 қолданушы