+3 дауыс
2.9k көрілді
Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 40% көтерілетіні туралы естіген едік. Мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға көтеріледі?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының бас сарапшысы Д.Бекбосынова:

– Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін әзірлеу және оны енгізу тапсырылды.

Ол негізгі персоналдың жалақысына: денсаулық сақтау саласында 28 пайызға дейін, білім саласында – 29 пайызға дейін, әлеуметтік салада 40 пайызға дейін арттыруды қамтуы қажет.

Ағымдағы жылдың 14 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақыларына 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төленеді.

Мұғалімдер азаматтық қызметшілерге жатпайды, (азаматтық қызметшілер еңбек шартымен жұмысқа алынғандар, яғни техперсоналдар)
2015 жылдың 1 шілдесінде мұғалімге жалақы өсіруді ұмытып кеткен сияқты.
0 дауыс
Мұғалімдердің жалақысы 6 айдан бастап 30 пайызға өседі деп айтқан теледидардан.
0 дауыс
Қазіргі жалақыларыңды азайтпаймыз деп айтып жатыр еді жолдауда)) яғни өспейді
+1 дауыс
Яғни қырық пайызға өседі деген сөз!!!!!!!!
Мұғалімнің жалақысы өседі дегенше сауда-саттық бағасы одан да өсіп кетті.
0 дауыс
2015 жылдың басынан бастап базалық жалақы, минималды жалақы мен зейнетақы көлемі 10 пайыз шамасында көтерілді. Демек, бюджет қызметкерлерінің де негізгі жалақылары көтерілуі тиіс.
0 дауыс
Білім деңгейіне сай өседі.
Жоғары білімді мұғалімнің білім деңгейі артық па әлде 3 айлық деңгейлік курс бітірген мұғалімнің деңгейі артық па? Деңгейлік курс бітіргеннен оқушылардың білім сапасы артып жатыр ма?
0 дауыс
10 пайыз шамасында көбейеді мұғалімдердің жалақысы
0 дауыс
Мұғалімдердің жалақысы бұрынғымен салыстырғанда өскен. Әлі де өспекші.

Тағы басқа студенттерге жақсы жаңалық осы айдан бастап стипендия өседі. Әлде тек мен оқитын универдема сондай әйтеуір.
0 дауыс
Саламатсыз ба? 2016 жылғы БЛЖ қанша екен.Мұғалімдердің жалақысын қалай есептейді.Қанша БЛЖ -мен.Рахмет.Сау болыңыз
...