Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының бас сарапшысы Д.Бекбосынова:
– Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін әзірлеу және оны енгізу тапсырылды.
Ол негізгі персоналдың жалақысына: денсаулық сақтау саласында 28 пайызға дейін, білім саласында – 29 пайызға дейін, әлеуметтік салада 40 пайызға дейін арттыруды қамтуы қажет.
Ағымдағы жылдың 14 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақыларына 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төленеді.