Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Шынар Молдабекова:
- Қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс берушінің қызметкерге еңбек шартымен көзделмеген жұмысты жүктеуі заңға қайшы.
Сонымен қатар, мектеп басшылығының қызметкерлерден қаражат жинауы сыбайлас жемқорлық туралы заңнаманың нормаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа ұласқан әрекеттер болып сипатталады.
Осы ретте аталған заң нормаларының бұзылып отырғандығы туралы мұғалімдерге мекеменің жоғары тұрған органына (білім басқармасына) немесе прокуратура органдарына мәлімдеуі қажет. Ал еңбек құқықтарының сақталмауы мәселесімен облыстық әкімдіктердің жанындағы мемлекеттік еңбек инспекциясына жазбаша шағымдануға болады.
Атап айтарлығы, бұл ретте шағымдар қаралуы үшін онда арызданушылардың аты-жөні, тұратын мекенжайы нақты көрсетілуі тиіс екендігін ескертемін.