+2 дауыс
737 көрілді
Менің мынандай сұрағым бар: Мен тарих пәні мұғалімімін 13 жылдай еңбек өтілім бар, жакында қалалық олимпиададан 1 орынды алып, облыстық олимпиадаға жолдама алдым. Қалалық олимпиада әділ өткендікетн менің еш күмәнім болған жоқ. Алайда облыстықта барлық шарттарды дұрыс орындап, алдыңғы қатарға шыққалы тұрғанымда, берілген сабағымның тақырыбын басқа тақырыпқа ауытқыған деген сылтаумен мені төменге түсіріп тастады. Ал менің сабағымның тақырыбы  "1930ж қоғамдық саяси өмір" болатын. Сол уақыттағы жоспарда тұрған сабақта сол болатын, алайда әділ қазылар сен ол тақырыптың тек қана тақырыпшасын ғана өтуің керек еді деп әділетсіз шешім қабылдады. Артынан білгенімдей, орындар алдын ала белгіленіп қойылған екен. Мені ренжітетіні менен басқа сылтау табалмай, басқа тақырып өттің дегені. Бұл әділетке жатпайды. Енді мен не істесем болады?! Мұны бұлай қалдырсам, бұл үрдіс жалғасын таба берема деп қорқам. Менің қандай құқығым бар? соны айтыңыздаршы, Сайыстың өткені 26-27 қарашада, әлі он күн өткен жоқ, мен аппиляцияға бере аламба? Тағы бір айта кететіні әділ қазылардың ішінде тарих пәнінен маман болған жоқ, тек орыс тілі, құқық т.б. мамандары. Сол дұрыспа?

4 жауап

+1 дауыс
Қай жерде мұндай сұмдық?
+2 дауыс
Мұндай әділетсіздіктер көп кездеседі, ең алдымен аппиляциялық шағымды кім қарайды? сұраққа дұрыс жауап бергеніңізді, орын алғандардың нашар жауап бергендігін қалай дәлелдейсіз? мәселе осыған келіп тіреледі.
+1 дауыс
Кешіріңіз, бұл Қазақстан .
+2 дауыс
Мен жаңа ғана Облыстық оқу әдістемелік орталығына барып келдім. Басшысының алдына кіріп, болған жайды түгел айттым, ол кісі әділ қазылардың айтқанын айтып отыр, яғни 2 сағатқа берілген тақырыптың тек соңғы тақырыпшасын өтуіңіз керек еді деп. Мен қала бойынша барлық тарихшылардың жоспары бірдей болу керектігін, және де тақырыптарды бөлуге болмайтынын, берілген уақыттың ішінде толық тақырыпты қамтып, оқушыларға жеткізе алғанымды айттым. "Менің жиналысым бар еді, кейінірек хабарласыңыз" - деп мені шығарып салды. Ал бұған не дейсіздер?! Әрине жюри мүшелерімен ақылдасып алу үшін уақыт керек болған шығар деп ойлаймын, мәселені сол жерде шеше алмаған деген сөз, аржағы шикі деген сөз деп түсінем. Ескерте кетейін мен ол жерге орын сұрау үшін емес, мәселенің басын ашып алу үшін бардым.
Сізге үлкен рақмет. Өте өзекті тақырыптағы сұрақты қойып ғана қоймай, өзіңіз барып зерттеп осында қандай іс-әрекет жасаған жауапты жазғаныңыз үшін. Өзіңіздей ұстаздарымыз көп болғай. Шаршамаңыз.
...