Моншаның пайдасы
«Монша» сөзі грек тілінен аударғанда « ауруды қуамын» деген мағы- наны білдіреді. Орыс моншасының даңқы атам заманнан әйгілі болды. Ол сергектіктің таптырмас көзі және белгіле бір дәрежеде «емдік құрал» болып есептеледі. Адам шаршағанда бұлшық еттің босаңсу қабілеті нашарлап, ағзада зат алмасу қиындайды. Шынына келгенде, адам дұрыс тыныға да алмайды. Ал моншаның буы бұлшық еттің босаңсуына көмектесіп, ағзаның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырады. Алғашқыда буланатын бөлмеге кіргенде қатты ыстық тынысты тарылтып жібереді. Бірнеше минуттан кейін ағза оған үйреніп кетеді. Бұл кезде адам ағзасында қандай құбылыстар болады? Тамырлар кеңейіп, қан айналысы күшейеді жүректің соғу жиелігі артады. Ағыл-тегіл тер шығып, оттегін тұтынып,көмір қышқыл газын шығару процесі ұлғаяды. Моншаға үзбей барудың нәтижесінде ағза шынығып, ауруға қарсы тұруы арта түседі. Монша процедураларының әсерінен жүрек пен өкпе қызметі жақсарады. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, монша осы органдарға жаттықтырушы ықпал етеді екен. Тері мен май бездерінің қызметін жандандырып, зат алмасу кезіндегі зиянды өнімдерді ағзадан шығаруға және терінің өте жақсы тазаруына септігін тигізеді. Артық тамақ ішу асқазанға зиянды екені белгілі. Сол сияқты «монша пайдалы екен» деп, оған күн сайын бара беруге болмайды. Аптасына 1-2 рет моншаға түсу жеткілікті. Әсіресе, егде тартқан адамдар сақ болғаны жөн. Олардың бу моншасында 10 минуттан артық отырмағаны дұрыс.
Моншада қалай булану керек?
Буланатын бөлмеге кірерде басыңызды суламаңыз. Құрғақ шаш оны қатты қызудан қорғайды. Кейбіреулер жүн немесе жұқа қалпақтар киіп алып, ара-тұра оларды сулап отырады. Онысы өте орынды. Бу бөлмесіне денені сабындап кіруге болмайды. Бусанатын бөлімге қайың сыпыртқыны алып кіріп, сонымен денеңізді сабалаңыз. Бұл массаждың таптырмас түрі, өте пайдалы және ыстық будың әсерін күшейтеді. Ыстықтан шыққаннан кейін үстіңізге суық су құю – денені шынықтыра түседі. Шынықтырудың қай түріне болмасын денені жайлап үйрету керек. Алдымен дене температурасындағы, соңынан біршама салқындау душ қабылдаңыз. Бұдан кейін судың температурасын бірте-бірте төмендетуге болады. Салқын су мен бу бөлмесінің айырмашылығы жер мен көктей, сондықтан оның денені шынықтырғыш әсері өте мол. Егер кімде-кім артық салмақтан арылғыңыз келсе, бусап шыққан бетте суық сумен шайынбаңыз және оны ішпеңіз. Себебі суық су теріге тигенде немесе асқазанға барғанда тердің шығуы бірден тиылады. Сонымен қатар толық адамдар моншадан кецін көп тамақтанбау керек. Ауызды суық сумен шайып, шөлді басуға болады, ал сусынды аз-аздап ұрттап ішкен дұрыс. Қандай адам болса да, моншаға түсерде асқазанды толтырып алып немесе ашқарынмен баруға болмайды Ал қыз-кедіншектер үшін бусанудың үлкен маңызы бар. Ол көптеген косметикалық процедура-арды толығымен алмастыра алады. Моншадан кейін терінің үстіңгі қаба-тының ескірген, жаны керкен клеткалары оңай түседі, тері нәзіктеніп, жұмсарады. Моншаның булы бөлмесінде ауаның температурасы 45-60 темпера- тура аралығында болады, ал салыстырмалы ылғалдылық 80-100 %- ға дейін жетеді. Желпы моншада тас төселген пеш жылудың көзі болып табылады. Ол қызған тастарға су шашқанда ылғалдылық арта түседі. Бірқатар аурулармен науқастанғанда, тіпті аздап ыстық көтеріліп, жеңіл сырқаттанғанның өзінде моншаға баруды доғара тұрыңыз. Аяғы ауыр әйелдер мен кішкене балаларға да қажеті шамалы.