+1 дауыс
1.4k көрілді
Аз табыспен жаңа үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар ма? Қолжетімді тұрғын үй-2020

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сіздің сауалыңызға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы директорының орынбасары Бизат Советханқызы жауап береді:

- «Жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй» «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы іске асырылып жатыр. Әрине, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шотына ай сайын қаржы салып, төлемге қабілеттілігін растау қиын. Бұл жағдайды ескере отырып, банк өз клиенттеріне жеңілдік жасап, төлем қабілеттілігін растауды алып тастады. Ол үшін тек банкке өтініш бергенге дейін 6-12 ай ішінде жинақтау салымдарын ай сайын уақтылы салып отырса болғаны. Мәселен, аумағы 60 ш.м, жайлылығы 4 сыныпты екі бөлмелі пәтердің бағасы - 6 000 000 теңге. Банк ұсынған ай сайынғы салым - 31 800 теңге. Егер 6 ай бойы бұл сома толық, әрі тұрақты салынып отырса немесе мерзімінен бұрын барлық сома төленсе, жалға баспана алатын бағдарлама қатысушысына төлем қабілеттілігін растаудың қажеті жоқ. Жоғарыда көрсетілген жағдай сақталған кезде «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты шеңберінде жалға тұрғын үй алушылардың да төлем қабілеттілігін растамауына болады.

Осы тұста айта кетерлігі «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентіндегі үйлерге арыз қабылдау 2 қыркүйекте басталып, 1 қарашада аяқталады. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде Өскемендегі 19 ықшам ауданындағы 60 пәтерлі тұрғын үйге де арыз қабылданып жатыр. Ал келесі жылы 2 маусым мен 31 шілде аралығында 19 ықшам аудандағы 9 қабатты үйге өтініш қабылданады. Және де, бұл ықшам ауданда салынып жатқан 60 пәтерлі үйге келер жылы 12 мамыр мен 11 шілде аралығында да өтініш қабылданады.

Ендеше өз қаражатыңызға, жағдайыңызға қарай салынып жатқан үйлерге қол жеткізуге мүмкіндігіңіз бар. Қосымша мәліметтерді Қалаңыздағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалына келіп ала аласыз.

Жетім балага  уй жагынан кандай көмек  бар жасым 23 астана каласында турам
Салеметсиздерме.отбасын курганымызга 3жыл болды,жолдасым зауытта жұмыс жасайды жалақысы 130мын озим каз.почтада жумыс истеймин айлыгым 35000 40000мын бир улымыз бар осы тұрғыда калай уй немесе жер алсак болады
Қазақстанның барлық өңірлеріне қатысты бағдарлама ма? Мысалы, мен Шымкент қаласынан осындай ақшаға үй ала аламын ба?
0 дауыс
Қолжетімді үйде қолың төбеге жетеді созсаң. Аз табыспен қол жеткізуге болады.
0 дауыс
оған айынға 60-70мың теңгеден төлейсін және ол 5жылда бітеді! кейін Пәтерді 1-2жылдай күтесін!
...