+1 дауыс
296 көрілді
Мереке қарсаңында ақша, қаражатты қалай үнемдеуге болады?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әдетте Жаңа жыл қарсаңында дүкендердің көпшілігі өз тауарларын өткізу үшін әртүрлі жеңілдіктерді ұсына бастайды. Батпандай бағалардың біраз арзандағаны жақсы әрине, бірақ сол арзандардың астарында маркетинг әлемінің түрлі қитұрқылары жасырынып жататыны бар.

Сонымен Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктер мен бағалар айналасындағы қулықтардың бірнешеуіне тоқталып өтейік. Мереке қарсаңында тұрғындар мерекені барынша молшылықта және есте қаларлықтай етіп қарсы алғысы келеді. Дүкенге келген адамдардың Жаңа жылдан ақша аямайтынын жақсы білетін саудагерлер мүмкіндікті мейлінше пайдаланып қалуға тырысады.

«Арзандатылған бағамен екі тауарды бірақ сатып ал». Осындай жарнамаларды талай байқаған шығарсыз. Арзан бағамен екі тауарды бірден сатып алу әрине, ұтымды. Бірақ екі бірдей шәйнектің немесе шаңсорғыштың түкке де қажет емес екендігін дүкеннен шыға салысымен түсінесіз. «1+1» акциясымен сатылған тауарды аларда ең алдымен оның жарамдылық мерзіміне қарау керек. Көп жағдайда дүкен иелері сөреде жатып қалған керексіз тауарларынан осылайша құтылады. Ал өтірік бағаларды баттитып қойып, оны сызып тастап тауарды арзан қылып көрсету туралы айтып жатпай-ақ қояйық.

Қазақстанда азық-түлікті жаппай сатып алу дүрбелеңі қараша айында-ақ басталып кетеді екен. Мамандардың айтуынша, бұл айда бөлшек сауда көлемі күрт көтеріледі. Қала тұрғындары орташа есеппен қарашада 60 мың теңгеге сауда жасаған.

Жаңа жыл қарсаңындағы сатып алу дүрбелеңіне біздің менталитетіміздің де қатысы бар көрінеді. Кеңес заманы кезіндегі дефицит пен тоқыраған 90-шы жылдарды әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Ол кезде адамдар сөредегі тауар таусылып қалмасын деген үреймен қолына түскен заттың бәрін алдын ала сатып ала берген, тіпті, қанша тұрса да бағасына қарамай алған. Психологтар осыны мысалға келтіреді.

- Елдегі экономикалық жағдай өзгеріп кеткелі қай заман?! Ал мидағы үрей әлі күнге дейін жоғалған жоқ. Қажетті азық-түлікті 31 желтоқсан күні сатып алсаңыз да ештеңеден құр қалмайсыз, - дейді психолог Галина Коренцова.

Мереке қарсаңында дұрыс үнемдеудің 4 түрлі әдісі бар көрінеді. Енді соған тоқталып өтейік.

1. Мамандар ең алдымен, не сатып алатыныңызды жоспарлап, қағазға жазып алу жөнінде кеңес береді. Алатын азықтүлігіңіздің көлемі нақты болуы керек. Сонда мереке соңы ысырапқа айналмайды.

2. Сауданы жәрмеңкелерден жасаған дұрыс. Ерінбесеңіз, алдымен базарлар мен басқа да сауда нүктелерін аралап, бағаларды салыстырып алыңыз.

3. Отбасылық қаражат қоржынына бірден ауыр салмақ түспеуі үшін бұзылмайтын тауарларды бір-бірлеп алдын ала сатып ала берген дұрыс. 4. Егер достарыңызбен бірігіп жатсаңыз, қажетті дүниелерді көптеп сатылатын сауда орындарына барып алыңыз.

0 дауыс
Үйде отыру қажет. Ақшаны банкке салып жібер мереке біткесін аласың.
0 дауыс
Дүкенге барғанда аз ақша алып бару керек
...