Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.
Кодекстің 106-бабына (Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезеңін айқындау) сәйкес, жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.
Демек, толық көлемдегі кезекті еңбек демалысы әр 12 ай еңбек стажы үшін берілуі тиіс деп есептейміз.
Жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын алу үшін толық кезеңді атқармаған жағдайда, оған демалыс оның нақты атқарған уақыты үшін беріледі.