+1 дауыс
3.1k көрілді
Жасым 25-те 1 курс студентімін. Информатика пәнінің мұғалім таңдасам 29-да бітіреді екенмін. Жұмысқа тұру қиын болмайды ма? Пікірлеріңіз керек. Өзім электрик-энергетик мамандығына қызығатын едім. Шымкент

7 жауап

0 дауыс
Информатикадан сағат көп, жұмыста таба аласыз тек жұмыс істеуге ниетіңіз болса болды.. неге электрик энергетик болмайсыз? Өте жақсы мамандық қой.
шымкентте электрик энергетик факультети кай универде бар
Белгісіз
http://www.interesnet.kz/242/243/page2-15/?region=417 мына жерде Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындарының тізімі , қарап көріңіз...
0 дауыс

050718 - Электроэнергетика мамандығын таңдауды ұсынам

Біліктілігі: Электроэнергетика бакалавры
Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: бітірушілердің кәсіби қызметі ғылым мен техника аймағы болып табылады. Ол электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдайлар құруға бағытталған технология, құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Бакалавр төмендегі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: электр станцияларының және қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен тораптарының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғаныс және автоматтандырылуы, жарық техникасы және жарық көздері, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшамалау және кабельдік техниканың, электрмеханиканың дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғырылатын техникалық қызметін және қызмет ету сапасын бақылау, жетілдіру, жаңғарту және жақсартуды жүргізеді.
Жұмысқа орналасу орындары: АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

 

 050718 - Электроэнергетика мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын ЖООдары:

І. Ұлттық ЖООдары:
1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
2. Қ. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

ІІ. Мемлекеттік ЖООдары:
1. М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы
2. Атырау мұнай - газ институты 
3. Руднен индустриялық институты
4. Коркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
5. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстанның аграрлық - техникалық университеті 
6. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология мен инжиниринг университеті 
7. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университеті
8. Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
9. М.Козыбаев атындағы Солтүстік  Қазақстан облысының мемлекеттік университеті
10. О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 
11. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универсиететі
12. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
13.  М. Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
14. Алматы энергетика және байланыс институты
15. Х.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті
16. Қарағанды мемлекеттік техникалық университет

ІІІ. Меншік ЖООдары: 


1. К. Сатпаев атындағы Екібастұз инженериялық - техникалық универститет  
2. Батыс Қазақстанның инженерно-техникалық университеті
3. Қостанай инженерия-педагогикалық университет 
4. "Ақмешіт" гуманитариялық-техникалық институт 
5. Инновациялық Еуразия университеті 
6. Орталық қазақстан технология мен менеджмент университеті
7. Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай социалдық-техникалық университеті  
8. Алматы гуманитариялық-техникалық университет
9. Тараз техникалық университет
10. Шығыс Қазақстанның аймақтық университеті 
11. Қазақ жол және ақпарат университеті

толығырақ мына жерден

0 дауыс
Болады. Еш қиналмайсыз.
+1 дауыс
Болады, бірақ ақшамен кіресің
0 дауыс
Мұғалім қажет ететін мектептерге жолық!
0 дауыс
Сәлеметсіз бе! Мен информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарудамын. Сағатым 8 сағат жұмыс істеп жүргенмін.
0 дауыс
Қазір информатика пәні аптасына бір рет болатын болып қысқарды. Үлкен қала мектептері болмаса, ауылдық мектептерде сағат 1 ставкаға жетпейді. Негізі информатикадан басқа пән т аңдаған жөн немесе ұнатқан мамандығыңызды оқыңыз. Өзім ауылда жұмыс істеймін. Бір ретте толық 18 сағатпен жұмыс істеп көрмеппін...
...