0 дауыс
63.3k көрілді
Демеулік шылауларды қалай қолдана аламын, әсіресе, Күмәндік демеуліктер ( -ау. -мыс/-міс), Болымсыздық демеуліктер (тұрсын, тұрмақ, тұрғай, түгіл), Нақтылық демеуліктер (-ды/-ді), Күшейтпелі демеуліктер (-ақ, -ay, -aй, да/де)? Әрқайсына мысал келтірсеңіз риза боламын. Және де қазіргі заманымызда қазақтар осы демеуліктерді қолданады ма? Рақмет!

7 жауап

+1 дауыс

Күнделікті болмасада анда-санда қолданамыз. Мысалы,

Келмейді-ау, болмайды-ау деймін;

айтыпты мыс, депті мыс, болыпты мыс, өмір сүріпті міс;

ол тұрмақ мен алған жоқпын ондай машинаны;

үй осы келіп тұрғай;

Байтал түгіл бас қайғы;

Осы-ақ кешігіп жүреді екен, Досым-ай, Қарағым-ай, жаным-ай;

Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды.

 

0 дауыс
Скифтер қола дәуірінде өмір сүрген деседі-міс. Арманға әкесі төрт-бес жасында-ақ әріптерді үйретіп, еркелете бастаған екен. Мен ғана бұл жерге келдім бе? Бұл тек жігіттер ойнайтын ойын.
0 дауыс
Жауап бергеніңізге рақмет! Ал енді, бұл демеуліктерді қолдансам, қазақша жақсы білген адамдар мені түсінеді ме? Және де "үй осы келіп тұрғай" сөйлемді орыс тіліне аудара аласыз ба?
"Вот мой дом, приходи если что"
0 дауыс
Маған жақсымысын,келгенмісін,көргенмісін,айттың ба,сөйледің бе деген сөздерге сөйлем құрай аласыз ба?ӨТІНЕМІН
0 дауыс
Маган демеулик шылауга 10сойлем керек
0 дауыс
Маған мыс, міс, ау, ақ, ай, ды, ді осы демеуліктерге сөйлем қграп беріңіздерші өтініш!
0 дауыс
Менің атым Айгүл.
...