+1 дауыс
6.8k көрілді
100 жылдан кейінгі әлемді көзіңізге қалай елестетесіздер?!

7 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер Майя халқының жобалауы жалған болса, 100 жылдан кейін Қазақи тұрғыда:
1) Реактивті автоматтандырылған көліктер пайда болады;
2) Бесбармақ т.б. Дастархан асын жетік дайындайтын, қазақ тілінде сөйлейтін робототехника пайда болады;
3) Әзілдегі "соғымды блютузбен жіберді" сөзі шындыққа айналады;
4) Жатыпішерлер әлемнің 85 %-ын құрайтын болады;
5) Ислам діні жаңа бағыт алады. Айналамыз Таза,әрі интерфейсті жүйеде карта пайда болады;
6) Қазақстандағы автохтонды ұлт 100 % -ға жетеді;
7) Метро ҚР қалаларының бәрінде орын алады;
8) Агент социалды желісінің қазақша нұсқасы әлемнің барлық түкпірлерінде қолданылатын болады (Менің әлемім)
 Бұлар басы ғана. . . )
Иншалла!Бәрі солай болса!Блютузбен соғым жібереді деген қызық екен!Хахахаха
Белгісіз
ИншАллах солай болсын шынымен. Алып қосарым жоқ. Керемет жауап:)
+1 дауыс
Қазақ халқы 1 миллиардқа жетеді.Қазақтар футболдан 1 орында тұр.Және әлем халықтарының 50 пайызы қазақша сөйлейді.Қазақ ауылдарының барлығы қалаға  айналады.Қалалардың ең щамалысы Париж сияқты болады!!!!
айтқаның келсін, аминь!
Онда ұзақ жасауға тырысу керек екен)))))) Айтпақшы, ұзақ ғұмыр сүру үшін не істеу керек?
+2 дауыс
егер астеройд жерге келіп соғылмаса, онда 3 өлшемді компьтердің шығуы.
ол дегеніміз - 3 өлшемді гугл картасы, көгілдір экран, ұялы телефон, жарнама т. б.

Адамзаттың немесе елдердің өте тығыз байланысуы

Қозғалмалы, тепе-теңдікті ұстап тұратын тірі зәулім ғимарат.

Дәрінің спид ауруын жеңуі.

Жаңадан энергия қайнар көзін табылуы (андройд коллайдердегі проблеманың шешілуі және көптеген ғылыми жаңалықтың ашылуы)

Көптенег ғылыми жаңалықтардың ашылуы Жаңадан Энштейіннің теориясын он орайтын теориалардың пайда болуы

Екінші паралельді өмірге шығатын есіктің ашылуы

Адамзаттың марс бетіне алғаш аяқ басуы

Үшінші дүние жүзілік соғыстың басталуы...  көптеген ұсақ көлемдегі ұлт, тілдердің мүлдем жоюлуы

Ресей империясы мүлдем бөлшектеніп құлдырауы

Су деңгейі көтеріліп көптеген ірі қалалардың су астында қалуы

Ауа райының тұрақсыздығы

Интелектісі өте жоғары андройдтардың массаллы  зауаттан шығарыла басталуы

Мүмкін басқа ғарыш цивилизацисын табуы мен сонымен байланысқа шығуы
+2 дауыс
Жаксы соз жарым ырыс дидигои, жаксы ниетиммен кана караи аламын
+1 дауыс
100 жылдан кейін біз болмаймыз, сондықтан өзімді жұмақта жүрм деп елестетем!!!
0 дауыс
100 жылдан соң қазақ халқы жойылып кетеді өйткені келешек ұрпақ қазақша сөйлемейтін болады
0 дауыс
Компьютерлер  сағаттан  кішкентай  болады

Ешкім тамақ жемиді
...