0 дауыс
2.3k көрілді

Көлік жүргізушілерінің құлағына алтын сырға. Ағымдағы жылдың басынан бастап жол жүру ережелеріне жаңартулар енгізілді. Әрбір жүргізуші білуге тиіс:

1. Жол патрулі көлікті тоқтатқан жағдайда жүргізуші көліктен шықпауы керек.

2. Полицей себепсіз кез келген көлікті тоқтатуға құқылы және себебін айтуға міндетті емес.

3. Көліктерде жаңа нұсқадағы дәріқұты болуы керек. Оны кез келген автодүкендерден сатып алуға болады.

4. Жақынға бағытталған фаралар енді қала ішінде де, қаладан сыртта да жағулы жүруі міндетті.

5. Егер көлігіңіз жаңа болса, оны 4 жылға дейін техникалық байқаудан өткізбеуге болады. Бұрын өткізу бәріне міндетті болған.

6. Қала сыртындағы жылдамдықтың шектеуі сағатына 100 шақырымға дейін азайтылды.

7. Он екі жасқа дейінгі балаңызды арнайы автокреслосыз тасымалдауға болмайды.

8. Егер сізде скутер, квадроцикл немесе мини-мопед бар болса, оны жүргізу үшін енді тіркеу орталығына келіп, куәлік алуыңыз керек.

Massaget.kz-сайтынан алынды.

 

Осылардың қайсысы ақылға қонымсыз,қайсысына қосылмайсыз деген секілді пікірлеріңізді білгім келеді.

Жалпы өзім мынаған сәл келіспеймін:

4. Жақынға бағытталған фаралар енді қала ішінде де, қаладан сыртта да жағулы жүруі міндетті.

Күндізде жағып жүреме сонда?

Бұндай заң басқа қандай елде бар?

7. Он екі жасқа дейінгі балаңызды арнайы автокреслосыз тасымалдауға болмайды.

9 жас қылса да болады емес пе?

Және өзіңіздің қосатын ойыңыз болса да жаза отырыңыз!

Мен өзім ПОЛИЦЕЙ қызметкерлерін бейне жазбаға түсірмегендерін қалаймын да,бірақ өздері де заңды бұзып жатады сол кезде түсірсе болады.

Ю тубта неше түрлі видео бар мазақ қылып түсіріп салып жібереді сол түсірген адам соның орнына өзін қойса қалай болар еді дегенім ғой.

 

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Жол патрулі көлікті тоқтатқан жағдайда жүргізуші көліктен шықпауы керек.

Қолдаймын. 

2. Полицей себепсіз кез келген көлікті тоқтатуға құқылы және себебін айтуға міндетті емес.

Бүл жерде бұрын тоқтаса салысымен бірден себебін айтатын еді, енді айту керек не айтпау керек деп кқрсетілмеген дейді. Сұрағанда ғана айту керек сияқты.

3. Көліктерде жаңа нұсқадағы дәріқұты болуы керек. Оны кез келген автодүкендерден сатып алуға болады.

Әзірге бұрынғы аптечкамен жүруге болады деп оқыдым. 1 не 7 қаңтардан бастап жаңа аптечкаға өту керек деген жоқ сияқты.

4. Жақынға бағытталған фаралар енді қала ішінде де, қаладан сыртта да жағулы жүруі міндетті.

Бұны түсінбеймін. Күндіз дәу машинаны көрмеген адам қалай жыпылықтаған жарықты көреді? Статистика? Дәл осы жарықты күндіз жағып жүргеннің арқасында жол-көлік апаты азайды дегенге сенбеймін, азайса басқа себептен азайған.Дым ақылға қонбайды. Босқа жанармай құртып, аккумуляторды отырғызып.

5. Егер көлігіңіз жаңа болса, оны 4 жылға дейін техникалық байқаудан өткізбеуге болады. Бұрын өткізу бәріне міндетті болған.

М1 категориясындағы көліктерге 7 жылға дейін техникалық байқаудан өтпеуге болады. (auto.zakon.kz) 

6. Қала сыртындағы жылдамдықтың шектеуі сағатына 100 шақырымға дейін азайтылды.

Дұрыс.

7. Он екі жасқа дейінгі балаңызды арнайы автокреслосыз тасымалдауға болмайды.

Арнайы автокресло міндетті емес, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша белдік не белдікке жалғанатын құрал. Басты шарт бала белдік тағып отыру керек

8. Егер сізде скутер, квадроцикл немесе мини-мопед бар болса, оны жүргізу үшін енді тіркеу орталығына келіп, куәлік алуыңыз керек.

Дұрыс шығар, үй жақта жүретін 12+14 жасар бала айдап жүретін. Қорқынышты екен көрген адамға..

+1 дауыс
Қала ішінде де сыртында да фар жағу менің ойымша дұрыс. Ондай европада бұрыннан бар екен. Өзін ақтаған, әбден сынақтан өткен жүйе екен ж/е статистика бойынша соның арқасында жол апаты 15%-ға төмендеген. Бұл пешеходқа да пайдасы болады екен. Трассада келе жатқанда да алдыңнан алыстан келе жатқан машина н/е артыңнан келе жатқан машина қанша күндіз болса да фар жақпаған машинаға қарағанда анағұрлым тез, алыстан байқалады екен. Мен де келісемін. Полиция төтенше жағдайда азаматтың көлігін айдап кетуге құқылы депті. Көлікке зақым келсе бюджеттен төленеді делінген. Ж/е жүргізушілер айыппұлды полиция емес ХҚКО төлейді. Жол жиегіне машина қоюға болмайды деген белгі алынып тасталды. Бұнымен ж/е жоғарыда жазған қалған ережелермен келісуге болады. Бірақ автокресло заңымен келіспеймін. Бір бала мейлі ал 3-4 баламен отырса не болады? Бұл таксилерге де қол емес. Енді олар балалы адамдарды алмайтын шығар. Бағасы да арзан емес. Сол нағыз керек заң болса тегін таратпай ма екен?
Және АҚШ тағыдай егер жол жүру ережесін қатан бұзып қашса оны соғып тоқтататын болса жақсы болар еді!
Сонда маршруттарда да детский автокресло болу керек па?
Биология, маршрутта қалай болатынын ұмытып кеткен сияқты айтуға. Қазір заң шығарғыштар өздері білмей жатыр не істерлерін. Машинаны кез келген жерге қоюға рұқсат жоқ деп заң шығарып енді ондай машина қоюға болатын белгісі бар жерлер жетпейді екен, сол үшін ол заңды уақытша бұза тұруға рұқсат беріпті. Күлкілі емес пе?
+1 дауыс

2. Полицей себепсіз кез келген көлікті тоқтатуға құқылы және себебін айтуға міндетті емес.

Бұл жерде қателескен жоқсыңдарма? керісінше себепсіз тоқтатпауы керек тоқтатқасын себебін айтуы тис едіғой... 

Негізі солай еді. Массагет оңбай қате жіберіпті.
0 дауыс
2. (Полицей себепсіз келген көлікті тоқтатуға құқылы және себебін айтуға міндетті емес.) Полицейлер жүргізушілерден абден мезі болған ау сірә!

      6 шы 7 ші ережемен де келиспеймін!!!
0 дауыс
1,2,7ші ережелерінмен КЕЛІСПЕЙМІН!!!
+1 дауыс
Негизи фар жагуды куптамаимын неге биз занды шетелмен салыстырамыз шетелде фаржагады олардын машинасы стандартка саи  ал биздикин аитпаиак коиаиын  стандар ка саи емес  фар жаксан ортенип кетема деп коркасын онсызда машинанын ходовоииынан шаршап жургенде.жолды карык кылсында биринши.халыктын алеуметин котерсин жагдаиын жасасын стандарка лаиыкты машина киргизсин рассияны ашты мусырлар кирди кыргызды ашу керек еди   халыкка обал казакстандыктар аман болсын 2.  аитарым жакында ешек минип кои багып тауды жагалаитын кун алыс емес.
...