Махаббат жасқа қарай ма?

+1 дауыс
5.6k қаралым
Осы жас қыздар өзінен үлкен еркектерге ғашық болып жатады,ақша үшін емес махаббат дейді.Қалай ойлайсыздар?
• Санаты: Махаббат | 5.6k қаралым

23 жауап

0 дауыс
Өмір болған соң бәрі болуы мүмкін...
+2 дауыс
Кейде қарайды кейде қарамайды)) Ал қыздардың үлкендерді ұнатуы олардың ақыл ойы ерте дамиды да өзімен жасты ұлдар кішкентай бала сияқты көрінеді деп айтып еді біреу ))
дұрыс айтасыз
+2 дауыс
Қарамайды... Ақымақ махаббат ештеңеге қарамайды!!! Махаббат жақсы көрген адамыңның жасына да, жұмысына да, түріне де, тіпті кейде ұлтына да қарамайды!! Ақымақ... Егер қараса, шынайы махаббат болмағаны!
Ақымақ))
+2 дауыс

"Махаббат - шынайы өмірдің сәулесі түскенде сейілетін тұман".

Сезім ғой жасқа қарамайды. Бірақ мұндай "қарамайтын" махаббаттың көбісі ұзаққа бармайды. Жас айырмашылығы тым үлкен болса, жұрттың сөзінен, жақындарының алайған көзінен жасқанып, көптеген сезімдер жөргегінде тұншығып қала береді. Әсіресе біздің қоғамда жігіттің өзінен жасы үлкен қызға үйленуін жақындары әлі жақсы қабылдай қоймайды. Ал қыздар өзінен жасы әлдеқайда жігітке тұрмысқа шықса, ақшасына қызыққан болып шығады. Осындай жағдайда адамның алдында екі таңдау тұрады: елдің сөзін елемеу немесе махаббатынан бас тарту.

0 дауыс
біз үшін өзімізден үлкен ұлдар өзімізбен қатарлас көрінеді.
мен үлкен еркек деп сұрап тұрмын,
–1 дауыс
менің ойымша махабатт жасқа қарамамайтын сияқты екі ғашық бір бірін жақсы көріп сүйіп тұрса неге бомасқа
0 дауыс
Қарамайды.Қос ғашық бір-бірін сүйсе, неге қосылмасқа?!
+1 дауыс
Махаббатты қоя тұрып жағдайы бар жігітке қараңдар.
0 дауыс
Қыздар өзінен 3-4 жас үлкен жігіттерге ғашық болады, өйткені қыз жігітінің қорғап, білмейтін, білу керек нәрселерін үйретуін қалайды.
мен үлкен еркектерді жақсы көрема деп сұрап тұрмынғой,
Үлкен еркекпен жүрсе онда тек ақша үшін, өзінің ағасымен жасты еркекпен жас қызды махаббат байланыстырады дегенге өз басым сенбеймін
–1 дауыс
Жас айырмашылықтары 10 жастан асатын  "ғашықтардың" махаббатына өз басым сенбеймін.
ал мен көрдім,өзінен жиырма жас үлкен еркекті жақсы көргенін
Ол еркекте жалақы қанша?
0 дауыс
Карайды.   Себеби создери жараспайды
0 дауыс
Махаббат тек жастардың жүрегінде болады. Қайсы кісіні(немесе әйелді) көрдіңіз өлем, күйем деп жүргенін. Егер шалдар(немесе кемпірлер) солай жүрсе бұл кәрілік махаббат делінеді, олар жас баладай болып қалады (яғни алжиды).
дурыс айтасын
шалдарда айтып тұрған жоқпын
Улкен еркектер жас кыздын касында шал болып есептеледи
0 дауыс
енді Өтірік айтып тұрмаған шығар махабат болар барып сұрап көретін ғо!
+1 дауыс
Меніңше ақшаның да рөлі бар. Бірақ, ақша үшін деп айтуға болмайды, себебі адамдар бұны басқаша негатив форматпен түсініп үйреніп қалған. Бұл тек өмір сүру құралы екені айдан анық, сондықтан сенімен өмір сүргім келеді десе, демек адам қалап тұр. Адам қалауы жайдан жай болмаса керек, оның себептері бар, ең алдымен, ол адамның көзқарасы және объективті өмір сүруге комфорт әкелетін дүниелер, яғни ақша, үй, көлік, бизнес, кәсіп т.с.с. Бұлар негізінен жаман емес, осыны ұғынайық. Мен түсінбеймін, неге кей адамдар басқа біреудегі ақшаны, байлық пен жеткіліктілікті жек көреді және оны өзі қалап тұрады. Сірә, бұл эгоизм шығар. Шындығында бұлар қажет дүниелер.

Мен әрине адамдардың ақшадан сезімдерін жоғары қоюын қос қолдап, қос аяқтап та қолдап жіберемін, бірақ бұл құралдарды таза жолмен міндетті түрде пайдалана білу керек дер едім.
0 дауыс
Жасқа қарамайды, тірі мысал менің жақсы көретін жігітім 25-те) Бірақ әлде-қайда жас көрінеді)
Ең амор 27-де емес пе?
Ол жігіт осы сайттан емес, әнші ол
Аа бақытты болыңдар! Сосын басты қатырма!
Өзім білем, қатырамын ба жоқ па..
0 дауыс
Махабат жасқа қарамайды ..........
0 дауыс
Махаббат жасқа қарамайды, ол өтiрiк сөз. Махаббат жасқа қарайды.
0 дауыс

Махаббат жасқа қарамайды.......... 

0 дауыс
Қа-ра-май-ды !!!!!  Дұрысы анық білмейтіндер не көзімен көрмегендер жауап бермейақ қойсын !
0 дауыс
Махаббаттың шыңына, махаббаттың түбіне жеткен адам жоқ шығар. Жеттім деген адамды көрсетші мынау деп, көрсете алмайсың да,  ондай адам туылған жоқ әлі.
0 дауыс
Біреу біреуді жақсы көріп қалса, сол адамның болмысы үшін яғни Құдайдың оны солай қып жаратқаны үшін жақсы көреді. 40қа келгенде адам басқа біреуге ауысып кетпейдіғой. Сол адамның жай ғана солай болып жаратылғаны үшін ұнатып тұрса, ол адам 20да болсын, 40та болсын, 60та болсын сол қасиеттерді танып тұрады бəрібір, яғни сол адамды өзі үшін ғана ұнатқаны. Өздерің 40 келген де сана түсініктерің ауысып кетпейдіғой, тек тəн ғана қартаяд. Демек түсіне білу жəне ұната білу жеткілікті боп тұрғаны
0 дауыс
Озинен улкен адамды тек акша ушин жаксы кореди деп мен де бурын ойлаганмын. Бирак казир керсинше. Себеби мен озимнен ересек адамды жаксы коремин,ол да мени. Онын акшасы да уий де машинасы да жок, бирак онын журеги таза жумсак. Сол ушин де катты жаксы корип калдым. Ата анам жакындарым билсе не боларын билмимин, талай рет койгым келген, бирак оны кимадым. Туйгеним шын жаксы корсе махамббат жаска еш карамайды, даже акшасына да. Ощ басым осыны тусиндим
0 дауыс
Менин солесип журген кызым менен 1 жас улкен ол маган кайта кайта айтады мен жаска карайм деп вроде менин ой орисим одан караганда жогары еще одар коп нарсе коргем
Енди нестесем болады до конца сойлессем бекен алде ешнарсе шыкпайдыма брак менимен сойлеседи бетимды кайтармаган

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
127,938 сұрақ
322,815 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы