Меніңше ақшаның да рөлі бар. Бірақ, ақша үшін деп айтуға болмайды, себебі адамдар бұны басқаша негатив форматпен түсініп үйреніп қалған. Бұл тек өмір сүру құралы екені айдан анық, сондықтан сенімен өмір сүргім келеді десе, демек адам қалап тұр. Адам қалауы жайдан жай болмаса керек, оның себептері бар, ең алдымен, ол адамның көзқарасы және объективті өмір сүруге комфорт әкелетін дүниелер, яғни ақша, үй, көлік, бизнес, кәсіп т.с.с. Бұлар негізінен жаман емес, осыны ұғынайық. Мен түсінбеймін, неге кей адамдар басқа біреудегі ақшаны, байлық пен жеткіліктілікті жек көреді және оны өзі қалап тұрады. Сірә, бұл эгоизм шығар. Шындығында бұлар қажет дүниелер.
Мен әрине адамдардың ақшадан сезімдерін жоғары қоюын қос қолдап, қос аяқтап та қолдап жіберемін, бірақ бұл құралдарды таза жолмен міндетті түрде пайдалана білу керек дер едім.