«Ақ сандық, көк сандық» деген ұлттық ойыны қалай ойналады?

0 дауыс
4.9k қаралым
«Ақ сандық, көк сандық» деген ұлттық ойыны қалай ойналады? Бұл ойынды інілерім менен ойнауға болама? «Ертең аулым көшеді, Уық бауын шешеді, Қарақойымқашады, Құмалағын шашады... Ақ сандың, көк сандық Арқан тарт, кілем арт!» сияқты айтылатын басқа қандай сөздері бар?
• Санаты: Салт-дәстүр туралы Белгісіз
Шынымен осындай ойын ойнайсындар ма? Әлде жәй ашық сабақ өткізуге керек болып тұр ма
жауабы өзіңде бар сияқты сезіліп тұр))
Толық емес......

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
«Ақ сандық, көк сандық» — ұлттық ойын.

Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап:

«Ертең аулым көшеді,

Уық бауын шешеді,
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады...
Ақ сандың, көк сандық

Арқан тарт, кілем арт!»

— дейді.

Соңғы «арт» деген сөз қолдасып ұстасып отырған екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші:

«Аң сандық, көк сандық
Аспаннан не көрдің»,

— деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы:

«Жұлдыз көрдім, ай көрдім»,

— деп жауап береді.

Одан кейін: «Жерден не көрдің?»— деген сияқты сұрақтар беріледі.

Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, оқушылар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады. Ойын жастарды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулиды, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін де шыңдай түседі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
1 жауап
7.02.2015 • Санаты: Әлеуметтік желі Белгісіз сұрақ қойды
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы