Қайызғақтан шаш түсіп, адам басы тіпті тақырбас болып та қалады. Қазақ даласында оған ем болатын өсімдік алабұта (алабота деп те атайды), сора шөптер. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұнтақтайды да сиырдың айырған майына қосып қойыртпақ ботқа жасайды. Соны басқа жағып, басты орамалмен байлап жүреді. Күн аралатып басты ыстық сумен жуады. Шаш тым қалың болса сабынды қолданады. Жалпы, қайызғақ кеткенше басты сабынмен жумай тұра тұрған дұрыс. Тарақпен тараса да жеткілікті.