+1 дауыс
928 көрілді
Әр адамның өзіне ұнайтын ұнамайтын пәні болады. Бір пәнді түсінеді, ал басқа пән миына кірмейді. Сол сияқты менің миыма қонбайтын пән Қазақстан тарихы. Түсінемін, өз елінің тарихын білмеу ұят. Бірақ маған ол пән қызық емес. Апайменде келіспеймін. ҰБТ болса жақындап келе жатыр, мені ұстап тұрған осы пән. Не істесем болады?

10 жауап

0 дауыс
Жатта, босқа жолы жоқ. Не умеешь - научим, не хочешь - заставим дегенди ғой))
0 дауыс
неге тарих қызық пән,тереңдеп оқысаң,қызығушылық оянады
0 дауыс
Гуглден  Память и Интелект - друзья-товарищи,Умственный труд, Быть внимательным,метод Ритмичность Память деген тақырыптардағы Мақалаларды іздеп оқып көр!!! пайдасы тиіп қалар тез жаттауға!
+2 дауыс
Сен неғо талапкер деген кітапты жаттап алуға тырыс. Жаттай алмасаң өз-өзіңді жұбатып қой бәрібір 2 курстан соң күйеуге шығып кетем деп
0 дауыс
Специально билмейтин боп коринтин болар
0 дауыс
Бәрібір қызығушылық жоқ болса солай болады. Жаттап алуға тырыс. Тарихта адам аттары мен даталар көп кездеседі. Тақпақ жаттағандай жаттай бер. Менен бір мысал өзім де сабақты солай оқыдым. Көп түсініп оқымайтын едім, тек жаттап аламын қандай сабақ болса да. Кейде сабақ оқымай қалған күндері басқалардан сабақ сұрап болғанша керек жерлерінен жаттап алып айтып бере салатын едім. Өзіміздің тарихты да мектеп бітіргеннен кейін қызығушылық оянып оқыдым шыны керек.
+1 дауыс
Онда "Көшпенділер" трилогиясын оқы. Онда енді әдеби көркем сөздермен түсіндірілген ғо, сондықтан қызығып оқи беруің мүмкінсің.
0 дауыс
Менің ойымша көп нәрсе алдымен адамының ішкі күшіне тікелей байланысты. Мен оны ұнатпаймын десеңіз ешқашан ұнатпайсыз, үйрені қолымнан келмейді десеңіз өзіңізге үйрене алмайсыз. Алдымен өзіңізді өзіңіз жеңуіңіз қажет секілді. "Менің қолымнан келеді" деп аузыңызбен емес, іштей сезінсеңіз әрі сенімді болсаңыз қолыңыздан келеді! Сізге сәттілік тілеймін!
+1 дауыс
Меніңше кей жағдайда оқытушының үйрету тәсілі кей балаларға дұрыс дарымай қалады. Бәлкім қаладағы басқа бір, әсіресе жоғары санатқа кіретін мектептердің мұғалімдерін таңдап, репетитор ретінде біраз сабақтар аларсыз?

Себебі, менің бұған көзім жеткен. Белгілі бір пәндерді мен мектепте нашар оқыдым, сосын шынымен қажет болған соң арнайы жақсы деген мұғалімдерді іздестіріп, репититор ретінде бірнеше сағаттық курстардан өттім, нәтижесінде ол пәндерге деген көзқарасым түбегейлі өзгеріп шыға келді, әрине жақсы жаққа.
0 дауыс
мен де қатты қызықпайтынмын. Қазір білмеймін неге екенін жақсы көріп кеттім. Тарих қайда барсаңда керек, кейін универге түсіп жатсаңда түбі оқисың. Сондықтан оқи бер, оқығың кемесе интернеттен электронды оқулықтарды қара. Түбі жемісін көресің
...