0 дауыс
42.5k көрілді
Бетті тазартуға үй жағдайында боладыма.Болса қалай тазалайды ?
Қалай тазалау? дақтарды кетіру ме?
иа дақтарды кетіру сол сияқты
Белгісіз

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Өзім жасайтын үй жағдайындағы маскаларды айтайын.....Бетіңіздегі дақтарды кетіргіңіз немесе ағартқыңыз келсе: 1 жұмыртқаның ағын кесеге құйып алып, лимон шырынын қосасыз, араластырып бетіңізге жағасыз, бетіңіз қимылдамай қатып қалады 30 минуттан кейін жууып тастайсыз. Бодяга форте деген жақпа майыда көмектеседі 350 тг тұрады(безеуді, сепкілді кетіретін түрлері бар)

Қосымша. Тісіңізді ағартқыңыз келсе: кішкентай қасық соданы(тамақ содасы) кесеге салып үстіне лимон шырынының тамшысын құясыз, араласып сұйық болады, сол сұйықпен тісіңізді щеткамен кәдімгі тіс жуғандай жуасыз, нәтижесі бірден көрінеді...

0 дауыс
Бетті булау – теріні өлі жасушалардан тазартып, тері тесіктерінің ашылып, тыныс алуына көмектесетін, ажарыңызды жас қалпында сақтайтын маңызды іс-әрекеттің бірі. Сондықтан оны бетінің терісі майлы бикештер 1 аптада, ал бетінің терісі құрғақ бикештер 2 аптада бір рет жасап тұрғандары жөн. Алдымен шөптің тұнбасын әзірлеп аламыз. Құрғақ теріге өгейшөп, түймедақ, аскөк, жаужапырақты, ал майлы теріге жалбыз бен сәлбенді бірдей көлемде алып ұсақтап, шайнекке не термосқа үстінен 200 грамм қайнаған су құйып, 10–15 минутқа тұндырасыз. Тұнба дайын болғанша бетіңіз бен тамағыңызды әуелі косметикалық сүтпен сүртіп, сосын гельмен не скрабпен тазартасыз да, қайнаған салқын сумен шаясыз. Суды қайнатып, оған шөбі алып тасталған тұнбаны қосып, қайнағаннан кейін шұңғыл ыдысқа құйып, басыңызды үлкен сүлгімен жауып, бетіңізді алдымен алысырақ, суи бастағанда жақынырақ тосасыз. Әйтпесе бетіңіздің терісін күйдіріп алуыңыз мүмкін. Майлы теріні 10 минут, қалыпты теріні 6–8 минут, құрғақ теріні 3–4 минут ұстау керек. Бетіңізден тамшылаған теріні таза сүлгімен сүртесіз. Булағаннан кейін анық көрінген қара майлы дақтарды үлкейтіп көрсететін айнаға қарап тұрып, таза қолмен сығып тастауға болады, ұсақтарына тиісудің қажеті жоқ. Содан соң бетіңіз бен тамағыңыздың терісін тоникпен сергітесіз де, нәрлендіретін иісмайды жағасыз. 15–20 минут жатып, тынығып алыңыз.
0 дауыс
Бет тазалауға бәріненде айран жақсы.

Ауылдың айранын алдырып, бетіңе жағып кептіресің. Айран қатып қалғаннан кейін жуып таста. Күнде жасап тұрсаң результатын көресің.
+1 дауыс
Бетіне әр нәрсені жаға беруге болмайды.Одан сайын реакция беруі мүмкін.Мен бұрын угриды кетіремін деп интернетте не бар сонын бәрін жаға бергем содан кейін өкініп қалдым
+1 дауыс
Әлем мамандары ұсынатын сан түрлі кеңес бар. Алайда әр адамға жеке қарау қажет. Бүгін сізге апельсиннің көмегімен бет күтіміне қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын айтамыз.

1. Бетіңіз майлы болса. Екі-үш ас қасық апельсин шырынын бір ас қасық талқанмен араластырыңыз. Талқанның орнына крахмал немесе бадам кебегін пайдалануға болады. Бетіңізге тегістеп жағып, 15 минутқа қалдырып, уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

2. Терідегі ұсақ тесіктерді тазарту. Екі ас қасық сұлы қауызына апельсин шырынын құйып, 5-10 минутқа қалдырыңыз. Содан соң шырынды сүзіп алып, қауызды бетіңізге қалың етіп жағыңыз. 25-30 минут күтіп, мақтамен сүртіп тастаңыз.

3. Терінің ұсақ тесіктері кеңейген, майлы тері үшін лосьон. Апельсинді қабығымен қоса үккішпен үгіңіз. Оған жарты стақан арақ құйып, қараңғы жерге 6-7 күнге қалдырыңыз. Сүзіп, жартысын минералды сумен араластырып, 1 шай қасық глицерин қосыңыз. Таңертең және ұйықтар алдында осы лосьонмен бетіңізді сүртіп тұрыңыз.

4. Терінің барлық түріне арналған тоник. Апельсинді жұқа етіп кесіп, бетіңізге қойыңыз. Осы қалыпта 20-25 минут жата тұрыңыз. Уақыт өткен соң суық сумен жуыңыз. Сондай-ақ таңертең және кешке апельсин тілімімен бетіңізді сүртіп тұрғаныңыздың да пайдасы көп.
0 дауыс
Профессионалды мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс, яғни косметологтарға.
0 дауыс
Бетті 1 ші макияжды кетіретін суды бетіне жағасын,артынан жылы сумен жуып айран жағып 15 минут бетте ұстап тұрасынкейін оны жуасын НӘТИЖЕСІ бетін әдемі аппақ бет болып шыға келеді.

Күріш суы бетті ағартады
0 дауыс
Егерде бет терісін тазартқыңыз келсе түнде бетіңізды жуып крем жағыңыз таң ертең тұрған бетіңізді жуып сүт немесе айран жағып 6 минут тұрыңызда бетіңізді шайыңыз бетіңге массаж жасаңыз
...